Геликаза - полимеразалық кешеннің ең алғашқы іске кірісетін ферменті.
Ол аналық ДНҚ молекуласының
қос ширатпасының ашылып, жіпшелердің
бір-бірінен ажырасуын қамтамасыз етеді.
3.
Топоизомераза - түйіндер алдындағы ДНҚ тізбектерінің біреуін үзеді де,
оның бір ұшынан өзіне бекіндіреді, ал екінші ұшы шыр айналып түйіннің кері
ширатылуына алып келеді. Содан кейін тізбек үзіндісі қайта жалғанады.
4.
SSB-ақуыз - ажырасқан әрбір тізбекпен
ерекше SSB-ақуыздар
байланысады, олардың қызметі бір-бірінен ажырасқан жіпшелерді керіп, күні
бұрын жанасып, қос ширатпаның түзілуін болдырмау болып табылады.
5.
РНҚ-праймаза - активтенген праймаза бір жіпшелі ДНҚ-ның тиесілі
учаскесін матрица (қалып) ретінде пайдаланып қысқа “РНҚ-ұйтқыны”
(праймерлерді) синтездейді.
6.
“Репликациялық көзше” ДНҚ молекуласындағы тек арнайы нуклеотидтер
жүйесі орналасқан учасклерде ғана түзіледі. Ұзындығы 300 нуклеотидке
шамалас мұндай учаскелер репликация басталатын нүкте немесе “О”
сайты
(ағылш. origin - басталу) деп аталады.
7.
ДНҚ-полимераза - нуклеотидтердің аналық тізбекке комплементарлы
синтезделуін қамтамасыз етуімен бірге 3‘ - 5’ – экзонуклеозалық - та қызмет
атқарады. Соңғы қызметі ДНҚ синтезі барысында
дұрыс комплиментарлы
тізбектің орнына, бұрыс комплементарлы емес нуклеотид жалғанған кезде
жүзеге асады.
8.
ДНҚ-лигаза – бастаушы-РНҚ-ны алып
тастағаннан кейін Оказаки
фрагменттерін тігеді. Репликация және репарация процестері кезінде ДНҚ-
ның түзілген жеке фрагменттерін
бір-біріне жалғастырып, тігіп тұтас
молекула құрастыратын ферментттер.
9.
Теломералар – генетикалық ақпарат
болмайтын көптеген арнайы
гексонуклеотид (6 нуклеотидтен тұратын) бірізділіктер қайталанып
орналасқан хромосоманың ұштары. Теломерлердің
негізгі қызметі олардың
геномының маңызды (ақпаратты) бөлімін толық репликацияланбаудан қорғап,
буферлік қызмет атқарады.
10.
Теломераза – жасушаның әр бөлінуі сайын түзілген жас жасушалардағы
хромосомалардың теломералық учаскелерінің қысқаруы, ең соңында олардың
толық жойылып, бірте-бірте ақпараты бар гендердің толық репликацияланбай
қалуына себеп болуы мүмкін. Теломераза репликация аяқталардан бұрын
ДНҚ-ның жаңа синтезделген тізбектерінің толық репликацияланбаған 5’-
ұштарын
қысқалау келген, қайталанатын нуклеотидтер жүйесімен немесе
теломералармен жалғап ұзартады.