1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары



бет9/48
Дата27.09.2023
өлшемі368,84 Kb.
#110664
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
Байланысты:
1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу-www.emirsaba.org

13. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет.Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581—618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. «Таншу» әулеттік хроникасына сәйкес, қарлұктар түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. Қарлұқтар ежелгі түріктердін руналық ес- керткіштерінде де «үш қарлұқ» деп айтылған. Қарлұқ тайпаларынын негізгі мекені - Алтай тауынан Балқаш көліне дейін. VIII ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.
14. Исламның енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы.
Түркілер өздерінің қадым заманнан бері көне діни сенімі болып саналатын Тәңіршілдікті ұстанған еді. Көктүркі мемлекетінің қағаны мен оның ұлысы (халқы) өз сенімдері бойынша аспанға, көкке және Тәңірге мінәжат етті. Олар жер бетіндегі міндеттерін Тәңірдің өздеріне жүктеген миссиясы ретінде қабылдады. «Тәңір» тарапынан Бумын мен Истеми бабаларға аманат етіп қалдырылған бұл қағанаттың басты мақсаты - өз халқы мен оның «төресін» (заңдарын) қорғау, осы негізде ұлттық бірлікті нығайтып, бекемдеу деп ұғынған. Осыған байланысты тәңіршілдіктің саяси және ұлттық сипаты орасан үлкен болды деуге саяды. Түркілер ежелгі арийлер, мысырлықтар, ежелгі гректер, римдіктер және өздерімен замандас басқа да халықтардың көптәңірлік наным-сенімдеріндегідей «Тәңірлер» демеген, керісінше үнемі «Тәңір» деген. Діни дүниетанымның осындай табиғи үлгісі түркілердің кейіннен тек бір ғана Алланы жаратушы ретінде мойындайтын исламды қабылдауларында шешуші фактор болғаны талас тудырмайды. Осы күнге дейін әлемде өмір сүріп жатқан барлық мұсылман түркі халықтары «Алла» және «Тәңір» сөздерін синоним ретінде қолданып, бұлардың арасында қандай да бір айырмашылық байқамады.Ислам дінін қабылдаған алғашқы түркі халқы хазарлар еді. 723 жылы негізінен Солтүстік Кавказ аймағында өмір сүрген хазарлар алғаш рет шайқас алаңында арабтармен соғысып, оларды жеңді. Бірақ кейіннен омайядтар әулетінің халифасы Хишам бин Әбдүлмәлік кезеңінде ( 724-743 ) араб армиясы хазарларды бұл аймақтан ығыстырып шығарды. Сол кезеңде олардың бір бөлігі исламды қабылдады. Көктүрк империясы құлаған жылға дейін (745 жыл) осы империяның құрамында болған түргештер Түркістан аймағында арабтарға қарсылық көрсеткен болатын. Құлаған империяның алып территориясына шығыстан Қытай, батыстан араб халифатының басқыншылық қаупі төнген еді. Түргештерден кейін арабтарға қарсы мұндай қарсылықты қарлұқ халқы көрсетті. 750 жылы Омайядтар династиясы құлап, орнына аббасидтер келді. Омайядтардан айырмашылығы аббасидтер араб емес өзге халықтармен толерантты қарым-қатынаста болды. Осыған байланысты парсы және түркі сарбаздары аббасидтер армиясына кеңінен тартылып, тіпті жоғары лауазымдарға дейін көтерілді. Осындай жағдайда Қытайдың басып алу қаупі төніп тұрған қарлұқ түрктері аббасидтермен одақтасуға келісім берді. 751 жылы болған Талас шайқасында тарихта тұңғыш рет түркі армиясы мен мұсылман-араб армиясы бір шепте Қытай армиясына қарсы шайқасып, жеңіске жетті. Осы жеңіс түркі әлемі мен ислам әлемі арасында байланыс орнап, түркілердің ислам дінін қабылдай бастауына себеп болған үлкен бетбұрыс оқиғасы болды. Түркі халықтарының көпшілігінің мұсылмандану процесі XI ғасырдың ортасына дейін жалғасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет