1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары



бет12/48
Дата27.09.2023
өлшемі368,84 Kb.
#110664
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
19. Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары.
Қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керейдің дербес хандық құру туралы ойларының жылдар бойы қалыптасқандығын дәлелдейтін нақты жағдайлар бар. «Көшпелі өзбек» ханы Әбілқайырдың жаулау әрекеттері қазақтарды тығыз қоныстанған Сыр бойынан ығыстыра бастады. Бұл әрекеттер, әсіресе, 1446 жылдан басталды. Осы жылы Әбілқайыр хан Түркістан аймағын иеленіп,сондағы Сығанақ қаласын астана етеді. Сөйтіп, мемлекеттің саяси орталығы Керей мен Жәнібек сұлтандар ұлысы жеріне ауысады. Әбілқайыр хан Сырдың орта ағысы бойын иелену арқылы Дешті Қыпшақтың Орта Азиямен сауда қатнастарына өз бақылауларын орнатады. Сол сияқты Сыр бойындағы қысқы жайылымдар шайбанилық сұлтандар иелігіне көшті. Саяси әрі экономикалық аймақтан айырылу қазақ сұлтандарына үлкен соққы болып тиді. Көшудің бастамасы осы жағдайлар болды. Әбілқайырдың ішкі саясатына наразылық білдірген Керей мен Жәнібек сұльандар 200 мың қазақпен Моғолстанға қоныс аударды. Моғолстан ханы Есен Бұқаның оларды құшақ жая қарсы алудың екі себебі бар. Біріншіден, Есен Бұқа мен Керей өте жақын туыс. Есен Бұқа Керейдің қарындасына үйленген. Екіншіден, Есен Бұқа Керей мен Жәнібектің күшін пайдаланып,ойраттар мен Көшпелі өзбек хандығынан қорғану үшін шекараны нығайтуды көздеді. Қазақ хандығы Жетісудың батыс бөліғінде Шу мен Талас өзендерінің аралығында Қозыбас деген жерде негізін қалады. Керей мен Жәнібектің алдына қойған ең басты мақсаты - жаңа қалыптасып біткен қазақ халқының мемлекетін дербес түрде құру болды.
20. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда болуы.
Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.[1] Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ. Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді.
Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар: ішкі аумақтық тұтастық;ә) этностық туыстық;б) шаруашылық-мәдени бірлік;в) саяси басқару ортақтастығы.Үштік бөлініс қазақ жерін мекендеген көне тайпалардан келе жатқан дәстүр. Сақтар: тиграхаудау хаомаварға және парадарайя болып үш бөлікке бөлінген. Көне үйсіндерде, көне түркі-моңғол көшпенділерінде үштік одаққа бөліну дәстүрі болған. Бұдан біз, жалпы, үштік бөлініс қазақтардың арғы тектерінің дәстүрінде бар екенін көреміз.
Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады:сарыүйсін;шапырашты;ошақты;ысты;албан;суан;дулат;сіргелі;қаңлы;жалайыр;шанышқылы.Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы — Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы. XIX ғасырдың аяғында Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мыңдай болды.Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды "алты арыс" дейді):арғын;найман;қыпшақ;қоңырат;керей;уақ.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орта жүз тайпаларының жан саны мөлшермен 1 млн 350 мыңдай болды.
Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдариян
Кіші жүз қазақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр.Кіші жүз қазақтарының XIX—XX ғасырлар шегіндегі саны 1 млн 200 мың адам болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет