1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты



бет42/48
Дата27.09.2023
өлшемі368,84 Kb.
#110664
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
Байланысты:
1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу-www.emirsaba.org

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатыбелсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
  • мемлекеттің ішкі саясатын, оның ішінде мемлекеттік ақпарат және жастар саясатын, азаматтық қоғам мен адам құқықтарын қорғауды дамыту салаларындағы саясатты, конфессиялар арасындағы қарым-қатынастарды, білім, қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласындағы, денсаулық сақтау (қаржылық-экономикалық мәселелерді қоспағанда), демография, мәдениет, тіл саясаты мен спорт саласындағы саясатты қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;


  • елдегі ішкі саяси тұрақтылықты, сондай-ақ конфессияаралық қатынастар мәселелерінде қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;


  • Президентті елдегі әлеуметтік-саяси ахуалдың дамуы туралы хабардар етіп отыру;


  • Елбасының және Әкімшілік басшылығының азаматтық қоғам институттарымен, сонымен қатар саяси партиялармен, діни және қоғамдық бірлестіктермен, қорлармен, өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;


  • Президенттің қызметін, сондай-ақ оның қатысуымен өтетін іс-шараларды Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.







  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет