Желтоқсан көтерілісі Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17 - 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
1990 жылы 25 қазан- “Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы”Декларация қабылданды
Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді.
ТМД туралы Алматы декларациясына қол қойылды 25-қазан 1990 жылы
"Алматы декларациясы" - 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы он бір кеңестік республика басшылары кездесуінде 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина арасындағы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қосылатын республика басшылары қол қойған хаттама. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Беларусь, Молдова, Түрікменстан басшылары қол қойды. Өзара түсіністік, экономикалық байланыс, ортақ мүддеге негізделген шынайы ерікті түрде біріккен республикалар достастығы пайда болды. ТМД-нің дүниеге келуі бұрынғы империялық ұлы державалық шовинизмнен бас тарту, біртұтас экономикалық кеңістікті сақтап қалу жолындағы дұрыс шешім болды және күшейіп кеткен экономикалық дағдарыс пен адамдардың өмір сүру деңгейінің құлдырап кетуіне қарсы әрекет еді.
Тамыз бүлігі (18-21 тамыз 1991жылы)
Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО вице-президенті Г.И.Янаев, КОКП ОК-нің әскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңестөрағасының бірінші орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі B.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО ИМ Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО Мемл. кәсіпорындар қауымдастығының терағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-татты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді
Қазақ КСР Коммунистік партиясының Орталық Комитеті таратылды (28 тамыз 1991 жылы)
Президенттің Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды (29-тамыз 1991 жылы)