1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу



бет14/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

23. Ноғай ордасы.
Ноғай ордасы (Маңғыт ұлысы) – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батыста Қазанға дейін, оңтүстік-батыста Арал, Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. Тарихи жазба деректерге қарағанда Ноғай ордасының негізін Едіге қалаған. Ноғай ордасының құрамына енген тайпалар қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, арғын, тама, т.б. Едіге,Нұраддин би,Мансұр би,Қазы би ,Уақас ,Хорезми би,Аббас би ,Мұса би ,Жаңбыршы би)Хасан Мұхаммед би ,Алшағыр би ,Ағыш, Ахмет би .Ш.Уәлиханов Ноғай ордасы мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ. аяғында Ноғай орда орыс мемлекетімен саяси және сауда-экономикалық байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды.
24. Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы.
Сібір хандығы — XV ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібірде Алтын Орданың құлдырап, одан Шибани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған феодалдық мемлекет. Сібір хандығы Пермь жерімен, Қазақ хандығымен, Ноғай Ордасымен шектесті. Солтүстігіндегі шекарасы Обь өзенінің төменгі ағысына, ал шығыста Ала Ордаға (орыс деректері бойынша - Пегая Орда) дейін жететін. Сібір» терминін ең алғаш Жошының 1206 жылы «Shibir» жерінен оңтүстікке қарай орналасқан орман тайпаларын бағындыруы жайлы жазылған, 1240 жылы жарық көрген «Моңғолдардың құпия шежіресінде» кездестіреміз. Алайда ғалымдар «Сібірдің» қамтыған аумағын сенімді түрде нақтылай алмауда. XIV ғасырда Сібір хандығының болашақ астаналары батысеуропалықтардың карталарында кездесе бастайды: Қашлық «Sebur» ретінде венециандық ағайынды Пицциганилердің картасында (1367), ал Чинги-Тура «Singui» ретінде Каталон атласында (1375). Сібір (Түмен) хандығының құрылуына негіз болған әкімшілік-саяси бірлікті анықтау барысында екі негізгі пікір қалыптасты. Сібір хандығы көпұлтты саяси бірлестік еді. Жоғарғы билеуші – хан. Ханды бектер, мырзалар, тархандар сайлайтын. Мемлекеттік құрылым жартылай әскери сипатқа ие болған. Хандықты басқаруда хан уәзірге (қараша мен кеңесші) арқа сүйеген. Сібір хандары ұлыстарды басқарып отырған мырзалар мен бектердің жұмысына араласа қоймайтын. Әскери олжаға қызығушылық танытқандықтан, мырзалар мен бектер соғыстар мен жорықтарға белсене қатысатын. түркітілдес емес тайпалар, негізінен, тәуелділік жағдайында болды. Сібір хандығында туған осындай қарама-қайшылықтар мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізді. Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды. Сібір хандығы хандары:Ибақ ,Мұхаммед ,Тайбұға,Аңғыш, Қасым ,Едігер ,Бекболат Көшім,Әли .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет