25. Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының өркендеуі. Алтын Орда – жаңа дәуір. Өйткені түркі халықтарының жартылай отырықшылыққа бейімделіп, қала мәдениеті мен дала мәдениеті қатар дамыған шақ. Ғылым-білім кеңінен жайылып, әдебиет пен мәдениет көтеріле түскен, өркениетті қоғамның негізі осы дәуірде қалана бастады. Сәні мен салтанаты келіскен Сарай-Берке, Сарай-Бату сынды астаналардың қалануы, Ұлытауда Жошы ханның кесенесінің салынуы, шығыстық шайырлардың қалдырған әдеби мұралары – бәрі де Алтын Орда дәуіріне тән. Сауда-саттық байланыстармен мәдени өркендеу қатар жүргені белгілі. Бұл турасында Ұлы Жібек Жолы туралы айтпасақ та түсінікті. Ал Алтын Орданың сыртқы саясаттағы үстемдігі мен сауда байланыстары қалаларды мәдени орталыққа айналдырды. Әсіресе, Сарай-Бату, Сарай-Берке, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты қала-кенттерде сауда мен қолөнер өркендеп, ғылым, мәдениет, әдебиет, көркемөнер дамыды. Мысалы,Деректерді сөйлетер болсақ, әдебиетте Хорезмидің «Мұхаббатнамесі», Құтба ақынның «Хұсрау мен Шырын» поэмасы, Сайф Сарайидің «Гүлстан бит түркиі» («Түркіше Гүлстан»), Рабғузидің «Қисса сул әнбиясы» («Пайғамбарлар туралы қысқа әңгімелер»), көне қыпшақ тілінде «Кодекс Куманикус» («Құман тілінің сөздігі») сынды шығармалар Алтын Орда дәуірінде дүниеге келген. Әдеби жәдігерлердің бірінің мән-мазмұн тереңіне көз жіберсек, «Хұсрау мен Шырын» поэмасында шынайы махаббаттан бөлек, арамдық пен зұлымдықты, қастандық пен сатқындықты, өсек пен өтірікті әділдік пен адалдық жеңіп шығатыны жазылған. Демек, адамгершілікті дәріптеу мен адалдыққа сүйіспеншілікті жырлау арқылы адамды ізгілікке жетелеген. Алтын Орда дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің қай-қайсысы да қыпшақ-оғыз немесе оғыз-қыпшақ аралас тілінде жазылған. Қазақ тілі қыпшақ тілдерінің бір тармағы болып есептелетінін ескерсек, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетті де қазақ әдебиетіне ортақ мұра деп қарастыру әбден орынды
26. Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы. Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.).
Қазақ хандығының құрылуы мен нығайуы қазақ хандығының ішкі феодалдық қырқыстар мен талас – тартысты тоқтатты. Адам өліміне, өріс бұзылуына әкеп соғатын тайпаралық қақтығыстарға тыиым салынды. Ел ішінде тыныштық берік орнап, береке – бірлік кең өріс алды. Қазақ хандығының нығайуы көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын жыл мерзімдері бойынша тиімді пайдалануына жағдай жасады. Шаруалар дер кезінде өріс-қонысқа, жайлау мен қыстауға көшіп – қонды. Бейбіт өмір, мамыражай заман орнады. Сөйтіп, қазақ хандығының іргесі бекіп күш-қуаты мен беделі артты