1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Қазақ халқының рухани мәдениеті



бет21/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
33. Қазақ халқының рухани мәдениеті.
Қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы, өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата – бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, салт-дәстүрлері, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды. Соның ішінде кейбір салт-дәстүрлер, ғұрыптар жайлы айта кетсек.
Ислам дініне дейінгі,ертедегі әр түрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты- отқа табыну салты болды. Отпен тазарту аластау түріндегі ертедегі отқа табыну қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалады.Отқа табыну отбасы өмірінде де байқалады, мысалы адамдардың кейбір аурулары өткен кездерде отпен емделеді.Әрбір отбасында ошақты құрметтеу дәстүрі сақталды.Қазақтарда отқа түкіруге, отқа қарап дәретке отыруға, оттан аттап өтуге,тіпті бір кездері от жағылған орында басып өтуге тыйым салынған.
Жазғы көші-қон кезінде әрбір ауыл көш керуенді салтанатты түрде рәсімдеуге ерекше көңіл бөлді. Бұл үшін көш басындағы түйеге қырғауылдың ұзын қанаттарынан төрт айыр қарқара орнатты.Халықтың түсінігі бойынша,қырғауылдың әдемі қауырсындары бөгде адамдардың назарын аударып,көш керуенді көз тиюден және жол бойындағы әр түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтайтын болған.
Қазақ халқының аспан әлеміндегі түсініктері де тұрмыста маңызды рөл атқарды.Түнгі аспанды ежелден қадағалап келген қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен айырықшаланатын көптеген аспан денелерін білді,олар бойынша түн кезінде уақыт жағынан да,түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді. Көшпелі тұрмыс ар айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша ман беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан. Ұлан — байтақ кең далада мал бағып, күндерін кең табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинаған. Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да көшпелі шаруашылыққа байланысты қойылған. Түнгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез -келген адам — Сүмбіле (Үлкен Төбет шоқжұлдызы), Таразы — Шідер — Үшарқар (Орён), Үркер (Торпақ шоқжұлдызы), Аққу, Бүркіт, Жылан, Мерген және Бұйы шоқжұлдыздарының бойымен қоса қабаттаса ұзыннан — ұзақ түйенің ақ шудасындай созылып жатқан тұмандықты байқар еді. Бұл ақ тұмандықты халқымыз ежелден құс жолы деп атаған. Себебі, көктемде жыл құстары осы ақ тұмандық бойымен жерімізге ұшып келіп, күзде осы жолмен кері қайтады. Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын .»Аспан өз әрекеттерінде еркін болды»,-деп жазады Ш.Уалиханов,-ол әрі жарылқады,әрі жазалады.Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның ықтиярына байланысты болды.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. 1396 жылы Орта Азияның билеушісі Ақсақ Темір Қожа-Ахмет Яссауидің ескі мазарының орнына жаңа кесене салу жайлы бұйрық береді. Орта ғасырларда бой көтерген ең керемет сәулет өнерінің бірі саналатын аталмыш кесенеде Қазақтың 21 ханы жерленген деседі. Кесене салынып жатқан кезде қайта-қайта құлап қала берген екен. Сонда Ұлы Билеушінің түсінде бір ақсақал аян беріп, "Қожа-Ахметтің Арыстан атты ұстазы болған. Сондықтан әуелі Арыстанға, сосын ғана шәкіртіне кесене салыңдар" депті. Бұл түсті көрген Әмір Темір көріпкелдерін шақыртып алып, түсін жорытады. "Арыстанның қабірін қалай табамын?" деп олардан ақыл сұрайды. Көріпкелдері "Жұма намаздан соң Қожа Ахмет Яссауидің қабірінің басына екі құс келіп қонақтайды, сол құс ұшып, ұстазы Арыстанбабтың басына барады, осылайша табасың" деп айтқан екен. Арыстанбабтың сүйегі жерленген жер осылайша табылғанға ұқсайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет