1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері



бет29/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

44. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.Көтерілістің себебі:Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады,бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады,патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.
Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.
Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді.
Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптарымен Вишневскийдің отряды және Қоқан хандығының әскері «Алмалы сай» шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады. Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары ханды патша тарапынан сыйлықтар алған қырғыз манаптары өлтіреді.
Көтерілістің жеңілу себептері:
• Қазақ феодалдарының біразы Кенесарыны қолдамады;
• Қазақ халқы арасында рулық алауыздық пен руға бөліну болды;
• Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігі орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмады;
• Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды;
• Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.
• Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Ресейге қарсы тұра алмады.
45. Қазақтардың ауыз әдебиеті. Еуропалық және орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі. П.С. Палластың, И.Георгидің, Н.П. Рычковтың экспедициялары.
Қазақ мәдениетінің тарихында 18 ғасыр ерекше орын алады. Халық ауыз әдебиеті шығармашылығының өкілдерінің бірі – Ақтамберді жырау шығармаларын Қаракерей Қабанбайға, Қанжығалы Бөгенбайға арнаған. Тәтіқара ақын шығармаларында шақшақ руынан Жәнібек, дулат руынан Бөкей мен Сағыр, Дербісәлі, уақ руынан Баян, Бөгенбай ерліктерін шабытпен жырлады. Сонымен бірге Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған. Үмбетей жырау Абақкерей руының батыры Жауғашарға, Бекболат биге арнап жыр шығарған. Бөгенбай батырға арналған жоқтауында Абылайдың өмірін, қызметін, көрнекті қолбасшы Бөгенбайды мақтан етті. Бұқар жырау өмірінің соңғы жылдары Абылайдың кеңесшісі болған. Жанақ ақынның шығармашылығының ең басты жетістігі “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасының ерекше бір нұсқасын таратуы.

●П.С.Паллас (1741-1811)


• ͘Академик, табиғат зерттеуші.
• ͘1768-1774 жылдары Қазақстанда экспедиция жасады.
• ͘1769 жылы өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедицияның бірін басқарып, «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» еңбегін жазды.
Паллас Петр Симон (1741-1811) - танымал неміс және орыс оқымысты-энциклопедисі, табиғат зерттеушісі, саяхатшы, жаратылыстанушы.
Академик П. Паллас (1741-1811 жж.) табиғат зерттеуші, ғалым Қазақстанға дербес экспедиция ұйымдастырды. П. Паллас қазақтардың шаруашылығы туралы мынадай қорытынды жасайды: «Қазақтардың байлығы шынына келгенде мал шаруашылығынан тұрады, ал оларда жылқы мен қой айрықша көп. Оларда түйе әлдеқайда аз, ал сиыр одан да аз, себебі, оларды дағдылы жем-шөпсіз далада жақсы ұстау мүмкін емес». П. Палас өз жазбаларында «... қазақтарда мал шаруашылығы кең таралған, шын мәнінде, бірден-бір дерлік кәсіпшілік. Оларда аса тамаша малдың табындары бар».Паллас Қазақстанның батыс, солтүстік және солтүстік-батыс бөлігі жүріп өтті. Бұл экспедиция жұмысының нәтижесі ретінде П.С. Палластың «Ресей империясының әр түрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты үш бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді. Онда қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде құнды материалдар бар.

●П.И.Рычков (1712-1777)


• ͘Академик, зерттеуші.
• ͘Орынбор өлкесінің Колумбы деген атпен даңқы щыққан.
• ͘Еңбектері: «Орынбор тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы»
• ͘1769-1772 жылдары баласы Н.Рычков өлкеде мәліметтер жинастырып,»Капитан Н.Рычковтың 1771 жылдардағы қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары» еңбегін жазды (1772).
• ͘Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған.
• ͘Әбілқайыр ханның бейітін суреттеп берді.
Петр Иванович Рычков(1712, Вологда – 1777, Екатеринбург) – Ресей тарихшысы, географы.
• 1734 жылдан Орынбор өлкесінде қызмет істеп, ұзақ уақыт бойы осы өлкені билеген бас әкімдердің (Кириллов, Матищев, князь Урусов пен Неплюев) іс қағаздарын ресімдеу ісіне жетекші болады.
• Еділ бойы мен Жайық өңірі бойынша құнды археологиялық және этнографиялық, тарихи еңбектер қалдырған. Автор бірнеше рет Жайық өңірінде болып, 1773-1774 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне куә болған.
Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П.И. Рычков құнды еңбектер жариялады. Өзінің іргелі еңбектерінің арқасында «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Ол кезде Орынбор өлкесіне Кіші жүз жерлері де қарайтын. П.И. Рычков «Орынбор тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» атты құнды еңбектерін жазды. Ол еңбектерде қазақтардың Еділ-Жайық өңіріне Хақназар ханның билігі тұсында келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің құрамына өтуінің барысы туралы баяндайтын деректер бар. Автор Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шегаралық шептерінің салынуын, Ресейдің Орта Азия және қазақ даласымен сауда-саттық байланыстарының қалай орнағанын бастан-аяқ баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара жатқан көпестерге жергілікті халықтардың тарихы жөнінде, тіпті араб тілінде жазылған болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретін

●И. Георги Орталық Азия мен Қазақстанды зерттеушілердің жекелеген еңбектерінде бытырап шашылып жүрген көптеген материалдардың басын біріктірді. И. Георги еңбегінің екінші бөлігі тұтастай түркі халықтарына, оның ішінде қазақтарға арналған. Автор өз кітабында суреттеп отырған халқының тұрмысына сыртқы келбеті жағынан да жақын болуын қалағанын атап өткен жөн. Кітаптың мұқабасында киіз үй және қазақтардың көшпелі өмірінің суреті берілген.Зерттеуші И.Г. Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың тұрмыс салттары, тұрғын жайлары, киімдері және басқа да есте қаларлық дүниелерінің суреттемесі» атты еңбегін жариялады. Кітапта қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары, сондай-ақ шаруашылық өмірінің ерекшеліктері туралы құнды деректер келтірілген. Қазақтарды «ақыл-ой жағынан қызыққыш және білуге құмар» деп сипаттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет