1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы



бет8/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
12.. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы.
Батыс Түрік қағанаты (Көне түркілік:  Он оқ бұдун) — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 – 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді.Батыс Түрік қағанатының негізін Тардуш (Дато) қаған қалаған. Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында болды. оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түркілеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды. Мемлекетте қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар — ябғу, шад және елтебер — қаған руының өкілдеріне тиесілі еді; оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот қызметтерін бұрықтар мен тархандар атқарды. Бектер — тайпа бастық- тары мен өкілдері — жергілікті жерлердегі қағанның басты тірегі болған. Түркі қағанаты Қытайда Таң империясы орныққанға дейін, Суй әулетімен ұзақ жылдар бойы қақтығысқа келіп, соғысқан болатын., Суй императорларының қатігездік әрекеттерінен әбден күйзелген халықтар, бас сауғалап, Түркі қағанатына келіп қосылды. Түркілермен арадағы күрес Қытай империясынан үлкен көшті талап етіп, ол жүз жылдам астам уақытқа созылды. VІ ғ. екінші жартысынан бастап Қытайға осы қуатты Түркі державасы басты қауіп төндіре бастайды. Түркілермен арадағы күрес Қытай империясынан үлкен көшті талап етіп, ол жүз жылдам астам уақытқа созылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет