1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті



бет4/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

6. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.
Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Ертіс пен Жайық өзендері аралығын мекен еткен тайпалар мәдениетіне жатады.
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған.Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын боп шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар далада жүрген жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер айтылды. Қоныстың материалдарымен әлемнің барлық ғылымдары қызыға бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар ортақ пікірге сүйенді, яғни Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы орталығы болған.
Еуропалық ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, адам баласы жылқыны қолға үйреткеніне 5500 жылдан асыпты. Өркениет тарихында жылқылар алғаш рет қазіргі Украина топырағында қолға үйретілді деген тұжырым болған еді. Алайда соңғы зерттеулердің қорытындысы өркениеттің Азиядан басталғанын дәлелдеді.
Ағылшын зерттеушісі Кимберлей Броун «Лос Анжелес Таймс» газетіне сілтеме жасай отырып, Horse атты журналға жазған еңбегінде, жылқы түлігі еуропалықтар ойлағаннан көп бұрын Азияда қолға үйретілгенін меңзеген.
Ағылшын зерттеушісінің пікірі Ботай қонысы маңына жүргізілген қазба жұмыстары барысында дәлелін тапты. Аталған археологиялық жаңалықтың құндылығы жайлы еуропалық National Geographic News атты ғылыми басылым: «Қазіргі күні Қазақстан деп аталатын елдің жерін мекендеген далалық өлке тұрғындары алғашқы болып жылқыға мініп, оның сүтін ішкен...» деген байлам жасады.Басылымның бұлай түйін жасауына себеп болған дүние: Ботайдағы қазбадан табылған жылқылардың тістері мүжілген әрі оған сызат түскен. Осыған қарап ғалымдар, жылқының мініске пайдаланылғанын, ауыздықталғанын анықтап отыр. Сонымен қатар жер астынан табылған ыдыстардың түбінде кепкен қымыз қалдықтарының ізі қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет