12.РНҚ және нәруыз синтезі Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады.Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады. Организмде РНҚ ақуыздармен кешенді байланысқан рибонуклеотидтер түрінде болады. РНҚ генетикалық ақпараттың жүзеге асуы мен ақуыз синтезіне қатысып, барлық тірі организмдерде аса маңызды биологиялық рөл атқарады.РНҚ-ның негізгі үш түрі бар: ақпараттық немесе матрицалық РНҚ (аРНҚ); тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) және рибосомалық РНҚ (рРНҚ). аРНҚ-ның қызметі: бір немесе бірнеше нәруыздар жайлы ДНҚ-ның генетикалық ақпаратын жазу және нәруыздың синтезі жайлы ақпаратты цитоплазмаға тасымалдау. тРНҚ аминқышқылдарын рибосомаларға тасымалдайды, ал рРНҚ рибосоманың құрылымдық тірегін түзеді, онда нәруыз синтездеу процесі жүреді.РНҚ синтезі. Генетикалық ақпаратты сақтайтын және жүзеге асыратын негізгі молекула ДНҚ молекуласы болып табылады. Белгілі уақытта белгілі ақпаратты уақытша сақтау үшін негізгі генетикалық ақпаратты көшіру қызметін ақпараттық РНҚ атқарады.Нәруыз биосинтезі. Нәруыздардың құрамы жайлы генетикалық ақпаратты сақтау және жүзеге асырудың материалдық негізі генетикалық код. Ол барлық тірі организмдерге төн. Ендігі жерде генетикалық кодтың негізгі түсініктерін қарастырайық. Кодтау дегеніміз — ақпараттың бір түрін сақтау және басқа ақпарат түріне тасымалдау. Мысалы, америкалық Самуэль Морзе нүкте және сызықша арқылы ағылшын алфавитін кодтауды ойлап тапты. Соның нәтижесінде өте алыс қашыктыктарға телеграф хабарламалары жеткізілетін болды. Қазіргі кездегі арнайы компьютерлердегі ақпараттың барлық түрлері тек қана екі әлементті: «иә» және «жоқ» деген кодпен, яғни электр сигналының болуы немесе болмауымен қодталынады. Олар 8 элементтен (сигналдар) немесе октеттен құралады. Ол компъютерге енген қандай да болмасын ақпаратты кодтайды.Нәруыз биосинтезі. Бұл - өте маңызды үдеріс. Мұнда ДНҚ, РНҚ, АТФ және нәруыздардың қызметі бірігеді.ДНҚ-да жазылған тұқым қуалау акпараты РНҚ-ның ақпараттык (аРНҚ) молекулаларымен цитоплазмаға беріліп, арнайы органоидтар — рибосомалардың жәрдемімен нәруыз синтезделеді.Бүған тРНҚ қажетті аминқышқылдарды жеткізіп, аРНҚ-да жазылған тапсырыс жүйесінде сапқа тұрғызады. рРНҚ-дан тұратын рибосома пептидтік байланыс түзе отырып, осы аминқышқылдарды жалғастырып қосады. Қажетті тәртіпте және мөлшерде қосылған осыаминқышқылдар |нәруыз деп есептеледі.Осы үдерістердің барлығына АТФ энергиясы жұмсалады. Реакциялардың барлығына қажетті нәруыз - ферменттер қатысады, онсыз биосинтездің жүруі мүмкін емес.Нәруыз биосинтезінің үдерісі тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру үдерісі деп те аталады. Оны мына сызбанұскамен белгілеуге болады: ДНҚ РНҚ нәруыз. Көбінесе былай деп те айтады: «РНҚ ДНҚ-ға жазылған ақпаратты нәруызда нақтылы корсетып, іске асырады".ырауының нәтижесінде 39 кДж немесе 9,5 ккал энергия бөлінеді.