5-сұрақ Жасушаның химиялық құрамы? Жасушаның химиялық құрамы — жасушаның құрамына кіретін барлық заттардың жиынтығы. Жасушаның құрамында Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 86 элементі бар, оларың ішінде 25 элемент ағзаның өмірінің тіршілік әрекеті үшін керекті болса, 16-18 элемент зәру қажет.Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Əрбір жасушаның құрамы ағзалық жəне бейағзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нəруыздар (белок), майлар, көмірсулар жəне нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су мен минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең.
6-сұрақ Көміртек қосылыстары. Қанттар - жасушаның қорек заттары. Көмірсутектер – көміртек пен сутектен тұратын органикалық қосылыстар.Көмірсутектер органикалық химияның іргелі негізі болып табылады: кез келген басқа органикалық қосылыстардың молекулалары олардың туындылары ретінде қарастырылады. Көмірсутектердегі көміртек пен сутегінің арақатынасы әр түрлі (10-90%). Көмірсутек қосылыстары бір-бірінен көміртегі мен сутегі атомдарының саны, көміртек қаңқасының құрылымы және атомдар арасындағы байланыстардың түрі бойынша ерекшеленеді. Көмірсутектердің көпшілігі табиғи түрде шикі мұнайда кездеседі.Сонымен қатар көмірсутектердің негізгі көздері табиғи газ, тақтатас газы, ілеспе мұнай газы, сланец, көмір, шымтезек болып табылады.
7-сұрақ Липидтер туралы түсінік және олардың негізгі қызметтері? Липидтер — (гр. λίπος, lípos — май) — барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир,этанол) ериді. Липид гректің lipos – май деген сөзінен шыққан. Липидтер барлық тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б.Құрылымдық. Нәруызбен бірге жарғақша құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді.Регуляторлық. Кейбір гормондар липидтік табиғатты болады.Қорғаныштық. Жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді.Жануарлар организмі үшін су көзіЭнергияны депонирлеу. 1 г май ыд