1 сұрақ Зат алмасу туралы жалпы түсінік және ондағы ферменттердің рөлі Зат алмасу



бет43/48
Дата08.12.2022
өлшемі93,68 Kb.
#55792
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
88.Жасушада РНК-ң турлері
Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады. Организмде РНҚ ақуыздармен кешенді байланысқан рибонуклеотидтер түрінде болады. РНҚ генетикалық ақпараттың жүзеге асуы мен ақуыз синтезіне қатысып, барлық тірі организмдерде аса маңызды биологиялық рөл атқарады. Көптеген вирустарда РНҚ-н жалғыз нуклеинді компонент (құраушы) құрайды.Рибосомалық РНҚ немесе рибосомалық, жасуша биологиясында рибосомалардың ең маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады. Осы себептен олар ақуыздардың синтезінде таптырмас рөлге ие және РНҚ-ның ба
89.РНҚ мен ДНҚ-ң бірінші реттік құрылысында айырмашылық неде
РНК молекуласының біріншілей құрылымы дегеніміз ондағы нуклеотид қалдықтарының белгілі ретпен кезектесіп орналасуын айтады. РНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы коваленттi құрылым болып табылады,өйткенi РНМФ қалдығы полирибонуклеотидтi тiзбекте бiрiмен-бiрi 3, 5 фосфодиэфирлi байланыспен бiрiгедi. РНМФ-тың бiрiншi реттiк құрылымы –бұл полирибонуклеотидтi тiзбекте РНМФ қалдықтарының тiзбектесiп берiлуi. Скелет монотонды қайталанып келетiн рибоха мен нуклеин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады.Азотты негiздер бiр-бiрiнен бiрдей ара қашықтықта орналасқан бүйiр топтары түрiнде қарастыруға болады. Полирибонуклеотидтi тiзбекке векторлық тән , тiзбек бақыты 5->3. РНҚ-ның әрбiр түрлерiнiң поликонденсациялық коэффициентi бiрнеше оннан бiрнеше мыңға дейiн созылады. Молекулалық массасы 250 мыңнан млн. Дальтонға дейiн. РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы оның реттелген екiншi реттiк құрылымы жоқ.ДНҚ молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет. Полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы ДНҚ молекуласының бiрiншi реттiк құрылымы деп аталады.
90. РНҚ қайда синтезделеді. мРНҚ қызметтері қандай
РНҚ-ның барлық түрлері жасушада ДНҚ матрицасында синтезделеді, соның нәтижесінде ДНҚ-ндағы дезоксирибонуклеотидтер тізбегінде комплементарлы рибонуклеотидтер тізбегі құрастырылады, мұны транскрипция процесі деп атайды. Клетка ядросында матриц. РНҚ-ның (мРНҚ) бастамасы болып келетін алып молекулалар табылған, олардың көп бөлігі ядрода ыдырайды да, аз бөлігі цитоплазмаға өтіп, нағыз мРНҚ-ын құрайды.РНҚ-ның барлық түрлері жасушада ДНҚ матрицасында синтезделеді, соның нәтижесінде ДНҚ-ндағы дезоксирибонуклеотидтер тізбегінде комплементарлы рибонуклеотидтер тізбегі құрастырылады, мұны транскрипция процесі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет