1. Статистикалық бақылау туралы түсінік, оны жүргізу кезеңдері



бет7/8
Дата16.02.2023
өлшемі67 Kb.
#68621
1   2   3   4   5   6   7   8
Жаппай бақылау — жиынтықка жататын бірліктерді түгел есепке алуды, яғни жиынтық бірліктерін 100% көлемінде қамтуды білдіреді.
Жаппай (толық) емес бақылау — зерттелуге жататын құбылыстың жиынтық бірліктерін түгел қамтымай, оның бөлігін қамтуды білдіреді және соның нәтижесінде статистикалық зерттеудің қорытындысы шығарылады. Жиынтықтың бөлігінің көлемі, жиынтық бірліктерінің жартысын, бүтінге жуығын немесе бірліктердің саны аса көп болғанда тіптен аз бөлігін қамту арқылы анықталады. Толық емес бақылауға койылатын талап, ол бақылауға алынған бірліктер шамасы бойынша жеткілікті, яғни көп сандар заң талабына сай келетін көлемде болуы керек. Бақылаудың мұндай түрі - жиынтықты толық қамту қиындық тудырғанда және зерттеушінің жасаған қорытындысы ресми мәлімет болып табылмайтын жағдайда жүргізіледі. Жаппай емес бақылаудың статистикада төрт түрін келтіреді: негізгі массаны бақылау, монографиялық және іріктелген бақылау.
Негізгі массаны бақылау - жиынтыктың негізгі бөлігін, яғни көпшілік бөлігін камтуды білдіреді. Статистикалық зерттеудің корытындысы осы көпшілік бөлігінің нәтижесінде жасалады.
Монографиялық бақылау — жиынтықтың бір немесе бірнеше бірліктерінің тіркеліп, жан-жақты зерттеуге алынуын білдіреді. Монографиялық бақылауда зертгелуге алынған бірліктер арнайы дайындалған бағдарламамен жан-жақты сипатталады. Бақылаудың мұндай түрі әдетте жеке адамдарға емес, мекемелерге, ұйымдарға немесе тұтас ауылға, жеке шаруашылық субъектілеріне колданылады. Онын қорытындысы өзге де өзі тәріздес бірліктерді сипаттайтын корытынды болып табылады. Мысалы, қазіргі ауылдардың жағдайын анықтау үшін, шамамен дамуы орташа екі-үш ауыл алынып, ол барлық көңіл аударарлық белгілері бойынша (мектептің, кітапхананың, моншаның, дүкеннің жұмыс істеуі, еңбекпен қамтамасыз етілуі т.б.) бақылауға алынады. Мұндай бақылау түрінің мәліметі жалпы ауылдардың жағдайын сипаттайды.
Іріктелген бақылауда зерттелуге жататын бірліктер бас жиынтықтан арнайы ереже тәртібі сақтала отырып тандап алынады. Іріктелген бақылауда зерттеуге алынған бөлік, бастапқы жиынтықтың бөлігі болады және өзге жаппай емес бақылау түрлеріндегідей, көбінесе жеке зерттеушілермен жүргізіледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет