1. Статистикалық бақылау туралы түсінік, оны жүргізу кезеңдері



бет1/8
Дата16.02.2023
өлшемі67 Kb.
#68621
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 тақырып.1





  1. Статистикалық бақылау туралы түсінік, оны жүргізу кезеңдері

  2. Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері

  3. Статистикалық бақылау формалары мен түрлері

  4. Статистикалық бақылау мәліметтерінің сенімділігі

1. Статистикалық бақылау туралы түсінік, оны жүргізу кезеңдері
Қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық құбылыстары мен процесстерін зерттеу үшін ең алдымен қажетті ақпараттар, яғни мәліметтер жинау керек.
Статистикалық мәліметтер – бұл статистикалық зерттеу нәтижесінде алынған құбылыстар мен процесстердің сандық сипаттамаларының жиынтығы. Статистикалық мәліметтерді бақылау жүргізу арқылы алуға болады.
Статистикалық бақылау – бұл зерттелуге жататын әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың жиынтық бірліктерін елеулі белгілеріне қарай тіркеуге алуды білдіретін және жоспарланған, ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған зерттеу жұмысының алғашқы сатысы болып табылады.
Статистикалық бақылау – жиынтықтың әрбір бірліктерінің таңдап алынған белгілері бойынша тіркеуге жататын экономикалық және әлеуметтік өмір құбылыстарын жаппай, жоспарлы түрде, ғылыми-ұйымдастырылған зерттеме болып табылады.
Статистикалық бақылау болып ауыл шаруашылығында мал санағын немесе халықтың шаруашылығын бюджеттік зерттеуді мысал ретінде алуға болады.
Статистикалық бақылау мемлекеттік статистика мекемелерімен, ғылыми-зерттеу институттарымен, кәсіпорын, банк, биржалардың экономикалық қызмет бөлімдерімен жүргізілуі мүмкін.
Статистикалық бақылауды жүргізу процессі келесі кезеңдерден тұрады:

  1. бақылауды дайындау – бұл әртүрлі жұмыстарды қамтитын процесс. Ең алдымен статистикалық бақылаудың методологиялық мәселелерін шешу қажет. Олардың ішінде ең маңыздысы болып:

  • бақылаудың мақсаты мен объектісін, тіркелуге тиіс белгілердің құрамын анықтау;

  • мәліметтерді жинайтын құжаттар жасау;

  • есептік бірлікті, мәліметтерді алу әдістері мен құралдарын таңдау жатады.

Сонымен қатар, осы кезеңде бақылауды ұйымдастыру жағын қамтитын жұмыстар мен мәселелерді шешу қажет. Мысалы: бақылау өткізетін мекеме құрамын анықтау, бақылауды жүргізетін кадрларды таңдау және дайындау, бақылауды дайындау, жүргізу және оның нәтижелерін өңдеу бойынша жұмыстардың күнтізбелік жоспарын қарастыру, мәліметтерді жинақтайтын құжаттардың тиражын көбейту, жұмыстарды қаржыландыру көздерін анықтау, бақылауды жүргізу күні мен уақытын белгілеу және т.б.

  1. мәліметтерді жинауды жүргізу кезеңі негізінен статистикалық формулярды толтырумен тікелей байланысты жұмыстарды қамтиды. Бұл кезең санақ беті, анкета, бланктер, статистикалық есеп беру формаларын таратудан басталып, оларды толтырғаннан кейін бақылауды жүргізуші мекемеге тапсырумен аяқталады.

  2. жинақталған мәліметтердің сапасын қадағалау. Жиналған мәліметтер арифметикалық және логикалық бақылаумен тексеріледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет