1 «Стиль» стилистиканың негізгі орталық ұғымы



бет2/8
Дата25.05.2023
өлшемі46,52 Kb.
#97560
1   2   3   4   5   6   7   8
2.Ғылыми-стильзат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады.Яғни،ғылыми стильде сөз көп мағыналы болып келмейді.Тек сөздің белгілі бір анықтамасы арқылы қолданылады.Сонымен қатар ол сөздің мағынасын ашу үшін де ғылыми стиль қолданылады.Қазіргі таңда ғылым даму үстінде.Сол себепті күннен-күнге жаңа ғылыми сөздер пайда болуда.Адамдар осы сөздерді ғылыми стильді қолдана отырып мағынасын жазуда.Сол арқылы жаңа пайда болған сөздер жалпы халықтық лексикаға айналады. Ғылыми стиль негізінен халықтық әдеби түрде жазылады.Бұл стильді қазақ елінің қайталанбас дарын иесі Мұхтар Әуезов қолданған.Оған мысал Абай жолы шығармасы.Негізінен Абай жолы шығармасы Мұхтар Әуезовтың зерттеу еңбегі болып табылады.Бұл жазушының шығармаларынан бөлек ғылыми стильді Пушкин،Лермонтов،Белинский еңбектерінен байқауға болады. Стиль (лат. stylus, грек. stylos – жазуға арналған таяқша) – қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі. Стильдің жұмыс стилі, газет стилі, ғылым стилі, т.б. түрлері бар. Әдебиетте көркем құралдар тұтастығы, әдіс ретінде қолданылады. Көркемдік компоненттер мен түр ерекшеліктерін өз қажетіне асыруда, мазмұн байлығын тереңдете түсуде суреткердің стилдік ерекшелігі айқындалады. Стиль суреткердің қолтаңбасын анықтаумен қатар, сөз өнеріндегі көркемдік әдіс-тәсілдерді, әдебиеттің бағыт-бағдарын ажыратады. Стиль түр мен мазмұнның бірлігін қалыптастырып, көркем мәтіннің тұтастығын қамтамасыз етеді. Әдебиеттану ғылымында стильдің дәуір стилі (қайта өркендеу, барокко, классицизм, реализм), түрлі ағымдар мен бағыттардың стилі, ұлттық стиль және суреткерге тән жеке стиль, т.б. түрлері кездеседі. Антикалық дәуірде стиль сөйлеу мәнері, сөйлеу тәртібі ұғымдарын берген, осы негізде классицизм кезеңінде стильдің 3 түрі (жоғары, орташа, төмен) анықталған. 17 ғасырда стиль филологиялық пән ретінде қалыптасса, 18 ғасырда философиялық эстетиканың назарын аударды. И.В. Гете мен Г.Гегель стильді дүниені танудың көркем белгісі санаған. Стиль жайында В.В. Виноградов стиль көп мәндесдеген пікірді айтса, зерттеуші Л.Шепилова стильді әдіс ретінде танып, “әдіс – өмірді образ арқылы көрудің айрықша түрі” дейді. 20 ғасырдың 20-жылдары лингвистик. стилистика қалыптасып, кеңестік кезеңде стиль шығармалар әдіс ретінде танылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 446 бет.
3 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 328 бет.
4 Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. – Алматы: Білім, 1995. – 180 бет.
5 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы \оқулық\. – Алматы: Санат, 1994. – 320 бет.
6 Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы (синтаксис). – Алматы: Мектеп, 1966. – 320 бет.
7. Омарбеков С. Н.Сауранбаев және қазақ тіл білімі // Алматы: Кенже-пресс, 2000.
8 Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). 2-басылуы. – Алматы, «Санат», 1995. – 176 бет.
9 Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1975. – 164 бет.
10 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі \морфология\. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 бет.
11 Жақыпов Ж. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. – Қарағанды: ҚарМУ, 1998. – 159 бет.
12 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 бет.
13 Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Зерттеунама. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 230 бет.
14 Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1982. – 351 бет.
15 Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. –Алматы: Рауан, 1991. – 174 бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет