.
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы 1 Мәдениет типологиясы мен теориясы 2 Мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен байланысы 3 .
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият»- қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты.
Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Ұлы неміс философы Кант, мәдениеттің мағынасы — адам бойындағы хайуандық сезімді ақыл-ойдың немесе адамгершіліктің (моральдың) көмегімен жеңуге әкеліп тіресе, ұлы ойшылдардың бірі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775—1854) мәдениетті эстетикалық тұрғыдан ұғынып-меңгеруді басты орынға қойып, мәдениеттің басты мазмұны: адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады. Бұл жерде Кант ілімінің маңыздылығы — оның мәдениетті гуманистік тұрғыдан қарастыруында.
Кант Иммануил
(1724-1804)
Фридрих Вильгельм Шеллинг
(1775—1854)