1. Стилистиканың анықтамасы, лингвистикалық пән ретінде қалыптасуын зерттейтін мәселелері, алдағы міндеттері, оны оқытудың маңызы



бет11/25
Дата31.10.2022
өлшемі184,31 Kb.
#46560
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Он екінші дәріс
Сөз таптарының стильдік қолданысы
1.Етістіктің стилистикалық қызметі
2. Үстеудің стилистикалық қызметі
3. Одағайлардың стилистикалық қызметі
4. Еліктеуіш сөздердің стилистикалық қызметі
1) Етістік тұлғалардың қызметі, түрлі мағыналық реңктері, нақыш-бояулары, экспрессивтілі көркем шығарма тілінде айқындалады. Мәселен, шақ, рай, көсемше т.б. тұлғалы етістіктердің, болымсыздық формасының стильдік жұмсалу мүмкіншіліктері кең. Етісітк тұлғаларының модальдылығын, экспрессивтілігін күшейте түсетін элементтер де (демеулік шылаулар, одағай, қыстырма сөздер, есімдік, үстеу) айрықша қызмет атқарады. Етістіктің рай тұлғаларының әртүрлі модальдық реңктері (өкіну, ренжу, тілек, ұсыныс т.т.) жеткізудегі стильдік тәсілдер екендігі айқын (оған сәлем айтқайсың, бірауыздан дауыс берейік). Немесе жақтық тұлғалардың да әр түрлі стильдік мән-мағына берудегі мүмкіндігі мол. Мысалы, мына өлеңге назар аударайық – назар аударыңдар (ІІ жақ) деудің орнына назар аударайық (І жақ) деп қолдануда үлкен мән бар. Етістіктің көсемше категориясының да экспрессивтілікті тудыруда стильдік қызметі кең. Мәселен, Абай ойды бейнелі жеткізуде, портрет жасауда, психологиялық хал-ахуалды суреттеуде осы тұлғаларды образды етістіктерді шоғырлап қолданды. «Болыс болдым мінекей» деген өлеңінде болыс, пысықтардың портретін жасауда жалпылдап, барқылдап, шаңқылдап, тарпылдап, дікілдеп, өкімдеп, күпілдеп, шыбындап, жымыңдап т.б.- көсемше тұлғалы етістіктер орынды жұмсалған. Кейбір етістік тұлғалары сұрыпталып, белгілі бір стиль түрлерінде ғана жұмсалады, сол стильдің өзіндік белгілері болып табылады. Ырықсыз етіс тұлғасындағы өткен шақ етістіктер – іс қағаздары стильіне тән (қол қойылды, өтініш берілді, іс қаралды т.т), -сын, -сін бұйрық рай тұлғасы ресми стильге тән ерекшелік болып табылады.
2) Үстеулердің стилистикалық мәнін олардың грамматикалық формалары анықтайды. Қазақ тіліндегі үстеулер – қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін жүзеге асу тәсілін, мекенін, мезгіл, жай-күйін білдіретін сөздер, бұл сөздер әр стильде ӛзінің белгілі стильдік салмағымен ерекшеленіп отырады. Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқаратын етістікпен жанасып, кейде сын есім, кейде үстеу түрінде келетін сөздер табиғатын талдау оңайлыққа түспейді. Үстеулердің стилистикалық мәні мен мағынасын көрсетуде оны жеке-дара алып қарағаннан гөрі басқа сөз таптарымен селбестіре қарастыру арқылы стилистикалық мүмкіндіктерін ашуымызға болады. Функциональдық стильдердегі үстеулердің мезгілдік, мкендік, мөлшерлік, көлемдік түрлері мен сын-бейне үстеулерінің стильдік мәні айрықша. Адресант қабылдаушысын, адресатын бей-жай қалдыра алмайды, өз сөзінде стилистикалық белсенділігін әр уақытта көрсетіп отырады. Үстеулердің бір ерекшелігі мынада: сын есімнен оның шырай жұрнақтары арқылы жасалынған негізгі үстеулер де өзінің эмоционалдық күш-қуаты жағынан басқа сөз таптарынан қалыспайды. БАҚ тіліндегі Бүгін Алматыда 10 градус жылы немесе 35 градус нөлден төмен. Кеше Алматыда кататэден халықаралық жарыс өткізілді деген сияқты мезгілдік үстеулер оқиғаларлың арқауы болатын сәттерінде қабылдаушыны елең еткізері анық. Ресми стильде мезгіл, мекен үстеулері айғақты, дәлелді деректемелер үшін соны сипаттап, дәлелдеп көрсетуде үлкен стильдік сұранысқа ие бола алады. Бірде үстеулік, бірде сын есім қатарынан орын алатын мағыналық реңкі контексте орын алатын мағыналық реңкі контексте байқалатын үстеулердің де стильдік бояуы адресанттың қолданыс аясына тікелей байланысты болып келеді. Ол ұзақ сөйледі немесе жол ұзақ сияқты сөйлемдерде үстеулердің әуені бірдей емес. Қыстың ұз-а-а-а-қ кеші (О.Бөкей). Соңғы сөйлем көркем әдебиет стиліне тән болғандықтан, автордың шеберлік стилінде ерекше эмотивті мәнге ие болған. Ол көркем мәтіндегі бітпейтін уақыт категориясын көрсетуді мақсат етеді.
3) Одағай сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіреді, жеке тұрып
лексикалық мағына бере алмаса да, олар саны жағынан өте мол, семантикалық-стилистикалық құбылуы ерекше сөздер қатарынан орын алады. «Өмір ай, ой, аһ, уһ, фу, тфу деген алты-ақ одағайдан тұрады»,- деп Бальзак айтқандай, одағайдың стилистикалық салмағы контекс пен ситуацияда жеке тұлғаның когнитивті шынайылығының нақты мәнін баяндап береді. Семантикалық реңкі мол болғандықтан, стилистикалық мән мән мен мазмұнға өте бай болып келеді. Одағайлардың қолданылуы контекске әрі ситуацияға қатысты. Айналадағы қоршаған зат пен құбылысқа қатысты адамның көңіл-күйі сезімге толы болады. Олар жағымды және жағымсыз болып келеді, бірақ осылардың өзі де айтушының интонациясына немесе мәтіндегі басқа тілдік бірліктермен тіркескенде әр түрлі мағыналық реңкке ие болады. Жағымды, жағымсыз эмоцияның өзі іштей түрленіп отырады, бірле стильдік өңі солғын, бірде бояуы тым қалың да болуы мүмкін. Басқа сөз таптарына қарағанда одағайлар ғылыми және ресми стильде кездеспейді, тіпті белгілі дәрежеде үлес салмағы жоқ деуге болады. Мысалы ә одағайы – айтылу ситуациясына қарай көп мағыналы одағайға жатады. Бірде сұрақ мәнін берсе, бірде қостау мәнін береді.
4) Еліктеуіш сөздер қазақ тілінің ұлттық дүниетанымының негізгі басты қасиеттерін анықтайды. Олар - көне тілдік қор, бейнелі көркемдік қасиеті, стильдік мәнері арқылы ұлт тілінің нақышты шұрайлы бөлігі болып табылады, сондықтан оны стилистикалық тұрғыдан оның әлі ашылмаған ұлттық тілдің бояулы өрнегін стилистикалық тұрғыдан бағамдауға, түсінуге көмектеседі. Әсіресе, еліктеуіш сөз дыбыс ұйқасымдылығына құрыла келіп, сезімді селт еткізер мәнерімен айрықша қолданыста жиі ұшырасады. Мысалы, Жанарын-ай, жанары тамаша екен! Жалт етіп тағы бір қараса екен, Қыран баулап өсірген бала бүркіт! Қандай ғана қазақтың баласы екен! (М.Мақатаев). Осындағы адамның көз жанарының сөзбен жеткізіп бере алмас сәулелі нұрын адам жүрегіне шоқ тастар, сұлулыққа табынтып «жалт» етіп қарауы адресаттың үміт-тілегі бейнелеуіш еліктеуіш сөзі арқылы әсерлі берілген.
Әдебиеттер
1. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000
2. Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. А., 1977.
3. Будагова Р.А. Литературные языки и языковые стили. М., 1964.
4. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1985.
5. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқытудың методикасы. А., 1985.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Етістіктің стилистикалық қызметін атп беріңіз
2. Үстеудің стилистикалық қызметі қандай?
3. Одағайлардың қандай стилистикалық қызмет атқарады?
4. Еліктеуіш сөздердің стилистикалық қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет