1. Стилистиканың анықтамасы, лингвистикалық пән ретінде қалыптасуын зерттейтін мәселелері, алдағы міндеттері, оны оқытудың маңызы



бет9/25
Дата31.10.2022
өлшемі184,31 Kb.
#46560
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Тіл мәдениеті, силистикадан дәріс

Тоғызыншы дәріс
Фразеологизмдердің стильдік қолданысы
1. Тілімізде фразеологизмдердің атқаратын қызметі.
2. Фразеологиялық единицалардың эмоционалдық-экспрессивтік бояуы
3. Фразеологизмдердің стильдік қасиеттеріне қарай топтастырылуы:
а) сөйлеу тілінің фразеологиясы
ә) жазаба тіл фразеологиясы
б) бейтарап фразеологизмдер.
4. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы
1)Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін ұзақ жылдар бойы зерттеген, ол туралы сөздік шығарған академик І.Кеңесбаев былай дейді: «Стиль - өлгенді тірілтіп, өшкенді жандандыратын дүние десе де болады»,- дей келіп, «...сөздің орнын тауып қолдану да стильдік тәсілге апарып соғады, мысалы «аузын айға қарата білеген» деген әсірелеудің, «атау кереңді іш деген» деген қарғыстың, «ұлық болсаң, кішік бол» тәрізді нақылдың, «жұмыртқадан жүн қырққан» деген сараңдықтың сырсипаты стильдік функцияда жатыр»,- дейді. Фразеологизмдер тілімізде екі түрлі қызмет атқарады:
1. Фр-лық тұрақты сөз тіркестерінің негізгі қызметі – ол зат, құбылыстардың атын білдіреді (қызыл алаң, құрмет тақтасы, қырғи қабақ соғыс) және сөйлем түрінде келіп, пікір алысу құралы ретінде жұмсалады(көзім ашылды, аузын ашып қалыпты, жақсыдан жаман туған).
2. Бұл сөз орамдары тілімізге образды, бейнелі, мәнерлі рең беруде, тіліміздің эмоциялы-экспрессивті бояуын арттыруда мәні зор. Осы қызметінің стилистика үшін маңызы ерекше. Яғни, образдылық – тұрақты сөз тіркестеріне тән қасиет. Мысалы, белінен бесік табы кетпеген, (жас), тақырға отыру (алдану), үріпауызға салғандай (сұлу) т.б. 2) Эмоционалды-экспрессивті бояу тұрақты сөз тіркестеріне де тән. Құрамында бұрыннан қалыптасып тұрақталған айрықша экспрессивті бояуы бар сөз тіркестері бар. Ондай сөз тіркестері сезімге айрықша әсер етеді. «Үріп ауызға салғандай», «жүрек жұтқан» деп жағымды образ туралды айтылса, «қоян жүрек», «тас бауыр» дегендер жағымсыз образ тудыруда әсері айрықша көрінеді. Экспессивті тұрақты сӛзтіркестері әр түрлі көңіл-күйге байланысты басқыр! Жан қалқам! Сонымен экспрессивті-эмоцияналды бояуы бар тұрақты сөз тіркестерін мынадай топтпрға бөлуге болады:
1. Жағымды, жағымсыз образтудыру үшін жұмсалатын тіркестер
2. Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіретін, яғни жақсы көру, еркелетуменбайланысты тұрақты сөз тіркестері
3. Тілек, қарғыс мәнді тіркестер
3) Фразеологизмдер стильдік, экспрессивтік еркшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді:
1) стильаралық (бейтарап) фразеологиялық тіркестер
2) сөйлеу тілінің фразеологиясы
3) жазба тіл фразеологиясы
Стильаралық фразеологизмдер жалпыға ортақ, барлық стиль түрлерінде жұмсалады. Ешбір экспрессивсіз, зат, құбылыстардың атын білдіреді. Көбінесе термин сөздер: қызыл алаң, қыл тамақ, көгілдір от, соқыр ішек т.б. болып келеді. Сөйлеу тілінің фразеологиясы тек ауызекі сөйлеуде, күнделіктітұрмыстажұмсалады,сондықтан экспрессивті бояуы басым болып келеді: ит сілесі қату – шаршау, көк ми – ақымақ, жел беру – қоздыру, миын ашыту – мазалау. Сөйлеу тілінің фразеологиясы бірде образдылық мән береді, бірде қарапайым болып келеді: ит қорлық, құлағының етін жеу. Сөйлеу тілі фразеологизмдерінің синоним қабаттары болады, әр түрлі жағдайда құбылып қолданылады: тайып тұру, табанын жалтырату, жонын бір-ақ көрсету, шаңына ілестірмеу т.б. Жазба тіл фразеологиясы көбіне жазу тіліне тән. Көркем шығармаларда поэтикалық сипат, публицистикалық стильде салтанаттылық басым, ғылыми шығармаларда логикалық, дәлдік үшін жұмсалады. Көнерген фразеологиялық тіркестер көбінесе діни ұғыммен, салт, әдет-ғұрыппен байланысты болады: сегіз жұмақ, ақыр заман, құрбан шалу; ірге көру, ұрын бару.
4)Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Фразеологизмдер көбінесе эмоционалды-экспрессивті қызмет атқарады: ашық ауыз, тас бауыр,кейде ойды әсерлі жеткізу үшін, бейнелік мағына беруде жұмсалады, ирониялық реңкке де ие болады. Мысалы, «бұл қадірсіз өлім ғой» дегеннен гөрі «бұл ит өлім ғой» десек, ой әлдеқайда өткір, өтімді келеді. Әрине ит өлім жағымсыз өлім. Бұл тіркестің контекстік мағынасында мұқату сезіледі. Б.Майлин «Күн ұясына батты» дегенді сөйлем мәнін күшейту үшін «күн ұясына кірді» деп қолданады. М.Әуезов «Жүрегінің түгі бар» дегенді күшейтіп «Жүрегінің түгі шыққан» деп әсерлі жұмсайды.
Әдебиеттер
1. Болғанбаев Ә.,Қалиев Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.А. 2002.
2. Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма А. 1998.
3. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тілімізде фразеологизмдердің атқаратын қызметі қандай?
2. Фразеологизмдердің стильдік қасиеттеріне қарай қалай топтастырылады?
3. Сөйлеу тілінің фразеологиясы дегеніміз не?
4. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы жөнінде не білесіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет