Жиілік f1-ді өзгерту үшін жиілік өзгерткіш арқылы желістің тұрақты жиілік статор кернеуінің ауыспалы жиілігіне алмастыру.
Полюстардың жұп сандарын өзгерту үшін статорда әртүрлі полюс саны бар орамаларды орналастырады немесе бір полюсті аударғыш ораманы (оның бөлек мүшелері әртүрлі полюстер санға қосылуы мүмкін) қолданады.
Тайғанауды өзгерту екі түрге бөлінеді:
а) бірінші әдістер кезінде тайғанау қуат PS=SРЭМ ротордың тізбегінде жылу ретінде бөлініп шығады (желістің кернеуінің мәнін өзгерту; ротордың тізбегіне қосымша активтік кедергіні қосу);
б) екінші әдістер кезінде тайғанау қуаттың негізгі бөлімшесі пайдалы қолданады (ротордың тізбегіне қосымша тайғанау ЭҚК–ті Е электр және электрмеханикалық каскадтар арқылы кіргізу).
10.2 Статор магнит өрісінің жиілігін өзгерту арқылы ротордың
10.2.1 Электр желісінің жиілігін өзгерту арқылы айналу
жиілігін реттеу
Желістің жиілігін f1өзгерту үшін қозғалтқышты тәуелсіздік жиілік өзгерткіш арқылы қамтамасыз ету керек. Мұнда өзгерткіш ретінде қазіргі уақытта жартылай өткізгішті жиілік өзгерткіш қолданады.