Полюсті – аударғыш ораманың жалғауы полюстердің санын 2:1 қатынасқа өзгерткенде өте жеңіл болады (10.1-сурет).
Екі секция бір ізбен қосылғанда магнит өрісі төрт полюсті құрады (10.1 а – сурет); екі секцияны параллельді қоссақ, онда магнит өрісі екі полюсті құрайды (10.1 б-сурет).
Егер де статорда осындай екі ораманы орналастырсақ, онда төрт жылдамдықты қозғалтқыш болады. Мұндай қозғалтқыштар басқа сондай қуаты бар жалпы өнеркәсіп қозғалтқыштарға қарағанда көлемі және бағасы асырыңқы болса да кең қолданылады.