Асинхронды машина негізгі екі бөліктен: қозғалмайтын бөлік-статордан және айналмалы бөлік-ротордан құрылады. Статор мен ротордың арасында ауа саңылау (0,2-3мм) бар. Ауа саңылауының шамасын үлкейткен кезде қуат коэффициенті (cos f) және қозғалтқыштың айналдыру моменті азаяды.
Статордың денесі сақина тәріздес жұқа электротехникалық болат табақтарынан жиналады. Статордың ішкі орамасын жатқызу үшін арнаулы ойықтар штампталады.