1. Тақырыбы: Биостатистика пәні және міндеттері. Мәліметтерді жинау, ұсыну және топтастыру. Медициналық-биологиялық зерттеулерді қолданылатын өлшеу шкалаларының типтері. Биостатистикадағы өлшеудің сенімділігі және ақиқаттылығы



бет3/3
Дата07.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#147087
1   2   3
Байланысты:
1 Дәріс (1) (1)

Өлшеу – нысандарды белгілі бір көрсеткіштері немесе сипатына (белгілері, атрибуттары) қарай салыстыру рәсімі.
Шкала – міндетті, қажетті өлшеу рәсімінің элементі.
Медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылатын өлшеу шкалаларының негізгі типтері:

  • номиналды немесе атаулар шкаласы нысанның қасиеттерін классификациялауда, оларға сандық, әріптік және басқа символдық сипаттамалар беру үшін (жынысы, ұлты, көзінің, шашының түсі, диагнозы т.б.) қолданылады.

  • реттік немесе шендік шкаласы – белгілердін шамасына қарай (Мясников шкаласы бойынша гипертониялық аурулардың кезеңі, Стражеско-Василенко-Лангу шкаласы бойынша жүрек талмасының дәрежесі, Фогельсон бойынша жүректің жеткіліксіздігінің айқындық дәрежісі шкаласы және т.б.) реттейді.

  • аралық шкаласы – белгілердің жеке өлшемдерінің ауытқуын (уақыт, температура, тест ұпайлары) көрсетеді.

  • қарым-қатынас шкаласы – өлшенген белгілердің қатынасын (бойы, салмағы, реакция мерзімі, тесттегі орындалған тапсырмалар саны) көрсетеді.

Өлшеу барысында оның сенімділігі және ақиқаттылығы бойынша сұрақ туындайды.
Өлшеу сенімділігі өлшеудің:
- дұрыстығына (шкала дұрыс таңдалды ма, көрсеткіш дұрыс жазылды ма, жүйелік қателіктер ескерілді ме және т.с.с);
- орнықтылығына (қайта өлшеу барысында мәліметтер сәйкес келе ме);
- қисындылығына (өлшеу керек нысанның дәл өзі ме, әлде оған ұқсас түрі алынды ма) тәуелді болады.
Өлшеу ақиқаттылығы нақты жағдайдағы шамаға салыстырғанда өлшеу дәлдігін сипаттайды.
Ақиқаттылыққа тексерудің басты бағыты, ақпараттарды әртүрлі ақпарат таратушы көздерден алуына негізделген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет