1. Тақырыбы: Биостатистика пәні және міндеттері. Мәліметтерді жинау, ұсыну және топтастыру. Медициналық-биологиялық зерттеулерді қолданылатын өлшеу шкалаларының типтері. Биостатистикадағы өлшеудің сенімділігі және ақиқаттылығы



бет2/3
Дата07.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#147087
1   2   3
Байланысты:
1 Дәріс (1) (1)

Статистикалық берілгендерді жинау дегеніміз зерттелетін жиынтықтың элементтері туралы мәлімет алу үдерісі және олардың қасиеттері. Бұл берілгендер статистикалық өңдеу және талдау жасауға негіз болады.
Екінші кезеңі берілгендерді типіне талдау жасау.
Берілгендердің типтері: сандық, сапалық және мерзімі (1.2. сурет).
Берілгендердің негізгі типтері сандық және сапалық және мерзімі деп бөлінеді.
Сандық берілгендер – дискретті (үзілісті) және үзіліссіз болып бөлінеді.
Дискретті берілгендер – тек бүтін сан яғни бөлшек сан болуы мүмкін емес түрде алынған сандық берілгендер. Мысалы: балалар саны және т.б.
Үзіліссіз берілгендер – теориялық жағынан алғанда бөлшек бөлігі болуы мүмкін, үзіліссіз шкалада өлшегенде алынатын берілгендер. Мысалы: дене массасы, бойы, артериялық қысымы және т.б.
Үзіліссіз берілгендер аралық және салыстырмалы болып бөлінеді.
Аралық берілгендер – физикалық мәні бар, абсолюттік шамалары өлшенетін үзіліссіз берілгендердің түрі.
Салыстырмалы берілгендер – белгінің алғашқы күйіне салыстырғанда мәнінің өзгеру (өсу немесе кему) үлесі үзіліссіз берілгендердің түрі. Бұл берілгендер өлшемсіз шама немесе пайызбен өлшенеді.
Сапалық берілгендер – номиналды және реттеуші болып бөлінеді.
Номиналды берілгендер – өлшенбейтін категорияларды шартты түрде бейнелейтін код түріндегі (диогноз коды) берілгендер.
Реттік берілгендер – бір белгінің анық байқалу дәрежесін шартты түрде бейнелейтін (қатерлі ісік ауруларының кезеңі, жүрек талмасының дәрежесі және т. б.) сапалық берілгендердің түрі.
Бұлардың дискретті берілгендерден айырмашылығы аурудың белгісін өлшеу үшін пропорционалды шкалалардың болмауы.
Бинарлық (дихотомиялық) берілгендер – сапалық мәліметтердің ерекше түрі. Мүндай типті белгінің мүмкін болатын екі мәні бар (жынысы, қандайда бір ауру түрінің болуы немесе болмауы).

1.2 сурет. Берілгендер типтерінің класификациясы


Берілгендердің ерекше түрі мерзімі болып табылады. Кейде олармен қандайда бір арифметикалық амалдар орындау (екі оқиғаның арасындағы осы оқиғалардың күндері бойынша абсолютті уақыт кезеңін есептеу) қажет болады.


Кейде жоғарыда келтірілген түрлердің дербес жағдайы болып табылатын берілгендердің кейбір ерекше дербес түрлерін бөліп қарастырады: шенін, ұпайлар, визуалды ұқсас шкалалар, цензуралы берілгендер және т.б.
Тереңдетілген статистикалық зерттеу жасаудан бұрын берілгендерге алдын-ала талдау жасау маңызды. Бұл кезеңде теріліп алынған берілгендерді сығу және жүйелеу үшін сызбалы әдістер қолданылады. Бұлар теріліп алынған берілгендерді ерекшелігін бағалау және ауытқуларды анықтау яғни алдағы уақытта талдау жасау үшін қажетті статистикалық әдістерді таңдауға мүмкіндік береді.
Дискреті берілгендер кесте түрінде, бағанды диаграмма, пиктограмма, шеңберлік диаграмма, нүкте суреттері бойынша беріледі.
Үздіксіз берілгендер топтастырылған таңдама, гистограмма, «жапырақты бұтақ» немесе «мұртты жәшік» диаграммасы, Лоренц қисығы және т.б. түрде берілуі мүмкін.
Аралас берілгендер шашырау диаграммасы түрінде берілуі мүмкін.

Берілгендердің сызба түріндегі әдістері.


Статистикалық берілгендері әртүрлі геометриялық фигура түрінде бейнеленген сызбаны диаграмма деп атайды.
Жиі қолданылатын диаграммалардың түрлері:

  • Құбыластардың жітілігінің (интенсивтілігі), қатынасының, көрнекілігінің, орташа немесе абсолютті шамаларының өзгеруін көрсеткіш ретінде бейнелейтін диаграмманы сызықты деп атайды (1.3 сурет).


1.3 сурет. Сызықтық диаграммалар (сызба)



  • Құбылыстардың өзгеруін уақыттың тұйық тізбегі (сөтке, апта, ай, жыл) ретінде бейнелеу үшін қолданылатын сызықты диаграмманың түрін радиалды деп атайды (1.4-сурет).




1.4 сурет. Радиальды диаграммалар

  • Таңдап алынған масштабқа сәйкес құбыластардың динамикасын немесе статикасын бейнелейтін диаграмманы бағаналы деп атайды (1.5-сурет).


1.5 сурет. Бағаналы диаграммалар



  • Құбыластардың құрылымын айқын экстенсивті көрсеткіштермен және меншікті салмағына сәйкес оның құрамды бөліктерінің түспен бөленуін бейнелейтін тік төртбұрыш түрдегі диаграмманы бағанаішілік деп атайды (1.6 сурет).




  • Берілгендерді шамаларының өсуіне қарай кескіндеу үшін және диаграмма мен кестеден тұратын ыңғайлы сызбаны «өркен және жапырақтар» сызбасы деп атайды. (1.7 сурет).

3

1,0

04

665

1,1

39

53

1,2

99

9751

1,3

1135677999

955410

1,4

0148

987665

1,5

00338899

9531100

1,6

0001355

731

1,7

00114569

99843110

1,8

6

654400

1,9

01

6

2,0




7

2,1

19

10

2,2




1.7 сурет. «Өркен және жапырақтар» сызбасы.
Екі параллель жақтары берілгендердің жоғарғы және төменгі квартиліне сәйкес келетін, ал тік төртбұрыштың соңынан басталатын сызық ең аз және ең көп мәнін көрсететін тік төртбұрыш түрдегі сызбаны «мұрттары бар жәшік» сызбасы деп атайды (1.8 сурет).



1.8 сурет. «Мұрттары бар жәшік» сызбасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет