1. Тақырыбы: Биостатистика пәні және міндеттері. Мәліметтерді жинау, ұсыну және топтастыру. Медициналық-биологиялық зерттеулерді қолданылатын өлшеу шкалаларының типтері. Биостатистикадағы өлшеудің сенімділігі және ақиқаттылығы



бет1/3
Дата07.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#147087
  1   2   3
Байланысты:
1 Дәріс (1) (1)


1 Дәріс


1. Тақырыбы: Биостатистика пәні және міндеттері. Мәліметтерді жинау, ұсыну және топтастыру. Медициналық-биологиялық зерттеулерді қолданылатын өлшеу шкалаларының типтері. Биостатистикадағы өлшеудің сенімділігі және ақиқаттылығы.


Статистика - қоғамдық құбылыстар санынның сапалық жағымен тығыз байланыстылығын зерттейтін қоғамдық ғылым.
Статистикада бақылауға немесе өлшеуге болатын нысандардың немесе құбылыстардың қасиетін белгі деп атайды.
Биология, медицина, фармация, гигиена және денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтарды зерттейтін статистиканы биостатистика деп атайды.
Тәжірибе жүзінде, жеке ғылыми жұмыста дәрігер, фармацевт, медбике үшін биостатистиканың маңызы зор.
Берілгендерді жинау, оларды жалпылау, бақылау нәтижелерінің негізінде талдау және қорытындысын шығаруда биостатистика түрлі әдістерді қолданады.
Статистикалық талдау ақпарат табуға және алынған атқпараттың сапасын бағалауға көмектеседі.
Биостатистиканың міндеттері:

  • сандық түрде ұсынылған биологиялық факт (өлшеу) – бұл биологиялық нысан қасиетінің жеке сан, нұсқа немесе айнымалылардың мәні түрінде берілуі;

  • көп фактілердің жалпылама сипаттамасы (статистикалық бағалау) – бұл бір текті нысандардың немесе белгілердің қасиетін толық сипаттайтын параметрлердің және көрсеткіштердің есебі.

  • заңдылықтарды іздестіру (статистикалық болжамдар тексеру) – бұл салыстырып отырған жиындардың, нысандардың, олардың сипаттамаларының сыртқы және ішкі себептерге тәуелділігінің кездейсоқ еместігін дәлелдеу.

  • медициналық талдаулар үшін, классикалық статистикалық әдістерді қолдану;

  • медициналық талдаулар үшін, заманауы статистикалық әдістерді қолдану;

  • медициналық талдаулар үшін жаңа әдістер дайындау.



Бірақ Кембридж университетінде оқып жүріп, ол жаратылыстанумен, метеорологиямен, антропологиямен, тұқым қуалаушылық және даму теориясымен айналыса бастады.
1889 жылы жарық көрген тұқым қуалаушылық туралы кітабында алғаш рет biometry сөзі енгізілді.
Осы уақытта коррляциялық талдау негізі қаланды. Гальтон жаңа ғылымның негізін қалады және оған ат қойды. Бірақ оны ғылыми салаға математик Карл Пирсон (1857-1936) айналдырды (1.1, b - сурет). 1884 жылы Пирсон Лондон университетінде қолданбалы математика кафедрасын басқарды, ал 1889 жылы Гальтонмен және оның еңбектерімен танысты.
Пирсонның өмірінде ағылшын зоологы, биометрик, «Биометрика» журналының алғаш ұйымдастырушысы В.Уэлдон үлкен рөл атқарды. 1893 жылы Пирсон Уэлдоннын зоологиялық талдауларына көмектесе отырып, орташа квадраттық ауытқу және варияциялық коэффициент ұғымын енгізді.
1898 жылы Пирсон Гальтонның тұқым қуалаушылық теориясын математикалық тұрғыдан сипаттау үшін көп регрессиялық талдаудың негізін қалады.
1903 жылы Пирсон белгілердің кездесушілігі (сопряженности признаков) теориясын, ал 1905 жылы сызықты емес корреляция және регрессия негізін жариялады.
Биометрияның келесі даму кезеңі статистик Рональд Фишермен (1890-1962) байланысты (1.1 с- сурет).
Фишер Кембридж университетінде оқып жүргенде Г.Мендель және К. Пирсон еңбектерімен танысты.
1913-1915 жылы Фишер өңдіріс орынында статистик болып жұмыс жасады, ал 1915-1919 жылы орта мектепте физика, математика пәндерінен сабақ берді.
1919-1933 жылдарда Фишер ауылшаруашылық тәжірибе станциясында статистик болып жұмыс істеді.
Содан соң 1943 жылға дейін Лондон университетінің профессоры, ал 1943 жылдан 1957 жылға дейін Кембридждегі генетика кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Ол таңдамалылардың үлестірім теориясын, дисперсиялық және дискриминанттық талдау әдісі, тәжірибені жоспарлау теориясын, ең жоғарғы шындыққа ұқсас әдісі және заманауи қолданбалы статистика мен математикалық генетиканың негізін құрайтын көптеген теориялардың негізін салушы болып табылады.
Орташа шамалар туралы ұғымының негізін қалаушы белгия ғалымы А. Кетле статистикалық әдістерді биология, медицина және әлеуметтанудағы мәселелерді шешуде қолданды.
Кез келген статистикалық зерттеудің бірінші кезеңі талдау жасалатын нысанның немесе үрдістің айнымалыларының нақты шамалары жөнінде мәліметтер жинау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет