6.Сабақты өткізу форматы: Бағдарламалық бақылаудың билеттері бойынша жазбаша бақылау.
Ауызша талдау келесі кестелерді №1,№2,№3 және схемаларды толтыру арқылы, тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша жүргізіледі.
Шағын топтармен жұмыс (есептерді шешу - ТАГ-дың тотығуы кезінде АТФ-ті есептеу).
Тест тапсырмаларын орындау және жағдайлық есептерді шешу.
7.Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері – білім (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 90%) және ҚазҰМУ ААЖ-да (Microsoft Teams, Hero Study) СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын орындау - суммативті бағаның 10%.
Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: zoom.us (Webex) немесе Google Meet және ҚазҰМУ ААЖ-да (Microsoft Teams, Hero Study) платформасында ауызша және жазбаша сұрау (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 90%).
8.БОӨЖ тапсырмалары:Жағдайлық есептерді шешу.
1)Жағдайлық есептер: 1. Қан құрамындағы глюкозаның мөлшері 1) 2,0 және 2) 8,5 ммоль/л тең. Осы жағдай
қалай аталады? Аталған глюкозаның мөлшерінде бауырда қандай үрдіс - гликогеногенез
немесе гликогенолиз - күшейеді?
2. Неге лактаза ферментінің активтілігі төмен болатын адамдарда сүт ішкенде іші өтетін
болады, ал айран ішсе – өтпейді?
3.Науқаста бұлшық еттің гликогенфосфорилазаның зақымданғаны анықталды. Осы адам ұзақ уақытта шаршамай дене шынықтыру жаттығуларын жасай алады ма? Себебін түсіндіріңіз.
4.Гликолиздің жоғарылауымен бауырдағы глюконеогенез жылдамдығы қалай өзгереді?
5.БМҚ тотыққанда 148 АТФ молекуласы түзілді. Тотығуға қандай БМҚ ұшырады? Дәлелдеңіз.
6.Липидтердің жалпы мөлшері 25 г/л-ге тең. Бұл не туралы куәландырады?
7.Бауырда метионин болмауынан ФЛ синтезі бұзылған. Бұл жағдай неге әкелуі мүмкін?
8.Эксперименттік жануарларды 1 апта бойы құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозаның артық мөлшерімен қоректендірді. Сосын 2 күн бойы ашықтырды. Қандарында құрамында радиоактивті көміртек бар кетон денелері анықталды. Тәжірибенің нәтижелерін түсіндіріңіз.