1-тақырып. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы


Ақпараттық қоғамды дамытудың шығыс үлгісі



бет5/6
Дата28.10.2022
өлшемі1,1 Mb.
#45972
1   2   3   4   5   6
Ақпараттық қоғамды дамытудың шығыс үлгісі.
Ақпараттық қоғамды дамытудың Шығыс моделінің өкілдері Батысқа баламалы индустрияландыру, ақпараттандыру және әлеуметтік дамуға қатысты ең алдымен өзіндік құндылықтық бағдарларды бекітуге негізделген тәсілді әзірлеуге ұмтылады.
Оның негізінде мемлекет пен нарықтың ынтымақтастығы, конфуцианшылыққа тән мәдени құндылықтар мен болып жатқан әлеуметтік өзгерістер арасында байланыс орнату әрекеті жатыр. Қатар өмір сүру мен өркендеудің философиялық постулаттары, сондай-ақ осы қағидаттарды жеке ұйым деңгейінде іске асыруда мемлекеттің жәрдемдесуі Азия саясаткерлерінің пікірі бойынша табыс кепілі болып табылады.
Шығыс моделі аясында Жапония, "Азия жолбарыстары" ерекшеленеді, белгілі бір ілгерілеулер Қытайда, Үндістанда байқалуда.
"Электрондық үкімет" ("electronic government", "e-government") термині алғашқыда Батыста ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қоғамның саяси саласына жаппай енгізіле бастаған кезде 1990-2000 жылдардың шегінде пайда болды және жеткілікті кең түсіндірмесі болды.
Ол:
- біріншіден, билік органдары мен халық арасындағы өзара қарым-қатынастардың интернет – технологиясы;
- екіншіден, әлеуметтік маңызды міндеттерді шешу процесінде билік пен қоғамның өзара іс-қимылының интерактивті нысаны;
- үшіншіден, мемлекеттік қызметшілердің ведомствоаралық және ведомствоішілік өзара іс-қимыл жасау құралы,
- төртіншіден, халыққа (алыстағы пайдаланушыларға) мемлекеттік қызмет көрсетудің таза техникалық құралы ретінде түсіндірілді.
Жалпы алғанда "Электрондық үкімет" – бұл, бір жағынан, муниципалдық, аймақтық, республикалық билік, ал екінші жағынан, азаматтар, олардың бірлестіктері (коммерциялық және коммерциялық емес, қоғамдық ұйымдар) арасында интернеттің кең мүмкіндіктері арқылы тікелей (басқарушы) және кері (бақылаушы) байланыс орнату тұжырымдамасы мен тәжірибесі.
Өз кезегінде, электрондық үкімет тұжырымдамасын ақпараттық - коммуникациялық технологиялар (АКТ) арқылы қоғамдық-саяси процестерді мемлекеттік және муниципалдық басқарудың қағидаттары, нысандары, тетіктері туралы жүйелі реттелген және салыстырмалы түрде тұрақты көзқарастар, идеялар кешені ретінде түсіндіруге болады.
Ақпараттық қоғамға көшу және соңғысын одан әрі дамыту жағдайында электрондық үкімет тұжырымдамасы билік органдары мен қоғам арасындағы кері байланысты күшейту үшін, халықтың билік қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуі үшін, мемлекеттік билік органдарының қызметіне азаматтардың тікелей қатысуы үшін техникалық мүмкіндіктерді өте сапалы және терең негіздеді.
Осыған байланысты бұл тұжырымдама бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да, танымалдыққа ие болды.
Электрондық үкіметтің идеялары мен тұжырымдамаларын жалпы планеталық ауқымда таратуда 2000 жылғы 22 шілдеде Окинавада "Үлкен сегіздік" (G8): Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Ресей, АҚШ, Франция және Жапония елдерінің көшбасшылары қол қойған "жаһандық ақпараттық қоғам Хартиясы" маңызды рөл атқарды.
Окинавтық хартия, біріншіден, "ақпараттық - коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасырдың қоғамын қалыптастыруға әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады", - деп мойындады (Хартияның 1 тармағы);
- екіншіден, экономикалық, әлеуметтік (атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет) және саяси салаға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша Мемлекет институтының жетекші рөлін мойындады.
Демек, осы Хартияға қол қойған мемлекеттердің ұлттық үкіметтері өз елінде ақпараттық дамыған қоғам құру бойынша күш салу міндетін өзіне алды. Ал электрондық үкімет ақпараттық қоғамның негізгі телекоммуникациялық құрылымына жатады. Осылайша, электрондық үкімет ұлттық үкіметтер қызметінің күн тәртібінде пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет