1.2 Қаржының функциялары және рөлі
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттілігін ғана емес, сонымен бірге оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қаржының функциялары жөнінде жиі екі тұжырымдама қолданылады:
бөлу және ұдайы өндіріс концепциялары.
Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында — ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды.
Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарьп тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі- қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде субъектілер болып келеді.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
- елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
- қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
- қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу жәнс қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін камтамасыз етеді.
Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтык қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан көрінеді.
2-ші тұжырымдамаға сәйкес қаржы 3 функцияны атқарады:
- ақша қорларын қалыптастыру,
- ақша қорларын пайдалану;
- бақылау.
Бірақ, ғылыми әдебиеттерде қаржыларға бұл функциялардан басқа да функциялар тән екенін табуға болады: өндірістік, ынталандырушы, реттеуші және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |