1 Тақырып. Қаржы туралы жалпы ұғым және оны басқарудың негіздері


Қаржының басқа экономикалық категориялармен арақатынасы



бет3/4
Дата26.01.2022
өлшемі21,24 Kb.
#24364
1   2   3   4
Байланысты:
1 apta karzh daris 1 (1)

1.3 Қаржының басқа экономикалық категориялармен арақатынасы
Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс циклінің басқа стадияларындағыдай, сонымен бірге, бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда, олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі процесіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайы өндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.

Баға- бөлу процесіне бірінші түсіп, ондағы бастапқы пропорцияларды анықтайды. Бағаның құнның жанында ауытқуы қаржының қызмет ету орнын белгілейді. Бағаға құнның барлық құрылымдық бөліктері кіреді, олар кейін бөлініп, қаржылық ресурстар және қорлар ретінде өзінің экономикалық нысандарына ие болады. Баға қаржының қызмет ету жағдайын дайындайды.

Еңбекақы- бағадан кейін қаржылық бөлу процесінде еңбекақы қызмет ете бастайды. Қаржы еңбекақы қоры, басқа да еңбек төлемдері қорларының қалыптасуына жағдай жасайды. Қаржы арқылы әртүрлі қорлар қалыптасады, ал еңбекақы арқылы сый және еңбек ақы қорлары қалыптасады. Еңбекақы- салық төлеудің негізгі көзі болып табылады.

Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтаңдыру жөніңдегі жарналарды төлеуі түрінде; несиелік әдіспен — банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотереялар өткізу жолымен жұмылдырылады.

Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:

1) қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;

2) қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына - еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.

Несие- банк ресурстары қайта бөлу кезінде қалыптасады, яғни несие алдын-ала бөлінген құнды қайта бөледі.

Несие қаржы ресурстарын толтырады және ұдайы өндірістің кеңеюіне әсерін тигізеді. Несиенің ерекшелігі- олар қайтару шарты негізінде белгілі бір мерзімге берілсе, қаржы ресурстары белгілі бір мақсаттарға жету үшін өтемақысыз және қайтарымсыз түрде беріледі. Несие арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен үй шаруашылықтары арасында қаржы ресурстары қайта бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет