Сәйкесті диалектілер – әр түрлі сөйленістегі бір затты не ұғымды түрліше атаудан пайда болған сөздер. Неге біз бір затты, ұғымды бірнеше атаулармен атауымыз керек, оның нақты бір жүйеге келген ұлттық тілге жататын нормасы болуы керек деген сұрақтар туындады. Мысалға алсам, Солтүстік Қазақстан облысының екі түрлі ауданынан тұрғындар кездесіп қалды дейік. Бірі — екіншісінен «тақ» сұрайды. Ал, екіншісі оның не сұрап тұрғанын түсінбейді. Екеуі де бір облыста тұрады, сонымен қатар, екеуінің де ұлты – қазақ. Ұлттық тілі – қазақ тілі, бірақ, бірін — бірі түсінбей тұр. Бұл сонда не болғаны? Тілімізге төнген қауіп қой?! Сол себептен де, ғылыми жобамның тақырыбын «Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні» деп алдым.