1-тақырып: Қазақ диалектологиясының жалпы мәселелері. Диалектология – тіл туралы ғылымның дербес саласы. Жоспар



бет3/6
Дата15.03.2022
өлшемі32,89 Kb.
#27998
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-лекция

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ш. Сaрыбaeв., Ғ.Қaлиeв «Қaзaқ диaлeктологиясы»- «Aнa тілі»,  Aлмaты, 2004 ж

2. Мұхaмбeт-Кәрiм, Х. «Диaлeктология мeн қaзaқ әдeби тiл тaрихы мәсeлeлeрi»: оқу құрaлы  Х. Мұхaмбeт-Кәрiм.- Aлмaты: «Қaзaқ унивeрситeті», 2001ж

3. Қaлиeв, Ғ. «Қaзaқ диaлeктологиясы»: оқулық .- 3-ші бaс.- «Aнa тілі», Aлмaты:1991

4. Aйдaров Т. «Қaзaқ тілінің лeксикaлық eрeкшeліктeрі». Aлмaты, 1975; «Лингвистикaлық гeогрaфия». Aлмaты, 1977

5. Досқaрaeв Ж., Мұсaбaeв Ғ. «Қaзaқ тілінің жeргілікті eрeкшeліктeрі». Aлмaты, 1951

6. Досқaрaeв Ж. «Қaзaқ тілінің жeргілікті eрeкшeліктeрі». ІІ бөлім (лeксикa), Aлмaты, 1955;

7. «Қaзaқ тілінің диaлeктологиялық сөздігі». Aлмaты, 1969

8. «Қaзaқ тілінің жeргілікті eрeкшeліктeрі». Aлмaты, 1978


ҚОСЫМША


Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы — диалектология (диалектос — сөйлеу, сөйленіс, логос — ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.

Диалект – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы.

Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жерінде диалект 2 — 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 — 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды.

Диалект сөздерді ХХ ғасырдың ІІ жартысыннан бастап зерттеген ғалымдар да бұл жағынан өз еңбектерін жазды. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы», Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы», С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», Х. Кәрімов «Қазақ диалектологиясы», Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» Ал, қазақ сөйленістерін бөлек – бөлек зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, кейінірек шыққан Ш. Сарыбаев, Ғ. Қалиевтің «Қазақ диалектологиясы» оқу құралында сөйленістер төмендегідей топтарға жіктелген:



  1. Оңтүстік сөйленістер тобы

  2. Батыс сөйленістер тобы

  3. Шығыс сөйленістер тобы

  4. Орталық — солтүстік сөйленістер тобы.

Бұл барлық аймақтардың өзіндік жергілікті ерекшеліктері барын айтып кеткен. Осы жергілікті ерекшеліктерді зерттейтін сала диалектология деп аталады.

Диалектология — зерттеу нысанының саралануына және сипатына қарай: сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді. Сипаттама диалектологияның ішінде лексикалық ерекшеліктерге жататын сәйкесті және сәйкессіз диалектілер енеді. Ал менің баса назар аударатын диалектілердің ішінде сәйкесті диалектілер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет