1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Қазақстанда әлеуметтанулық ойдың дамуы



бет11/51
Дата09.10.2022
өлшемі208,33 Kb.
#42060
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.2020 г.

Қазақстанда әлеуметтанулық ойдың дамуы (ежелгі кезеңінен ХХ ғ. басына дейін) Қазақ елінде ХIХғасырдың екінші жартысы мен ХХ біріншіжартысында алдыңғы қатарлы философиялық және әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады. Қазақ ұлттық мәдениетінің жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылдар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлер шықты. Олардың қатарында Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов сияқты қайраткерлер болды.
Ш.Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік көзқарастары оның «Записка о судебной реформе», «Очерки Джунгарии», «О мусульманстве в степи», «Тенгри» деген еңбектерінде көрсетілген. Патшалық ресейдің Сібір қазақтарына арналған сот реформасы туралы мақаласында Ш.Уәлиханов ресми үкметке көптеген талаптар қояды.Бұл талаптар негізінен халық өмірін жақсартуға, оның сот мәселесі туралы дербестігін сақтай отырып, орыстармен араласуға мүмкіндік алуға бағытталған. Ш.Уәлиханов өз халқының өзіндік ерекшелігін ескеру реформа дайындау барысында ерекше маңызды фактор екенін айтады. Осы сот реформасы жайындағы хатында қазақ даласында жүргізілуге тиісті реформа халықтың мүддесіне, оның материалдық мұқтажына сай келуі, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сәйкестендірілуі қажеттігін терең талдап, қорытты. Ш.Уәлихановтың ойынша халық үшін ең маңыздысы, оның мұқтажын өтейтін нақты іс-шаралар. Ол 1864 жылы жазған еңбегінде реформаны іске асыру барысында халықтың ерекшелігін ескеруі жайлы ойын тереңдете түсті, реформалардың сәтті болуы халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, заңдарын жан-жақты зерттеуге байланысты екенін айтты. Ш.Уәлиханов прогресс деген ұғымға халықты ағарту, отандастарының саяси-экономикалық жағдайын жаңарту деген мағыналарды сиғызады. Шоқанның прогресшілдігі, халықты мәдениеттен, алдыңғы қатарлы ұлттық ғылымнан бөліп тастауға қарсы болуында. Ол билер сотын сақтау керек деген қорытынды жасайды, Себебі билер соты, бітімгершілік (мировой) сотқа қарағанда әділдікке әлдеқайда әділдікке жақын. Мысалы би болу үшін халық арасында әділдік, шешендік жағынан танылған адам болуы тиіс, бидің билігі ұнамаған адамның екінші бидің төрелігіне жүгінуге құқы барлығын және тағы басқа фактілерге сүйене отырып осы тұжырымға келеді. Би атағы тек сот рәсімін терең білген, шешендік өнерді терең меңгерген адамға берілген. Биді ешкім сайламайды, ресми түрде ешкім бекітпейді, оның билігі мен шешімі беделге сүйенеді. Билердің мәжілісі мезгілсіз, кездейсоқ оқиғалар мен ахуалдардың себебі бойынша шақырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет