Людвиг Гумпилович (1838-1909) қоғам организмінің негізгі құрамдас бөлігі жеке адам емес, топ (нәсіл) деп санады. Топтар (нәсілдер) арасындағы бітіспес қайшылықтар қоғамдық дамудың негізін құрайды. Оның ілімінде әлеуметтік өмірдегі конфликтердің роліне баса көңіл қойылады. Гумпиловичтің пікірінше, социология ғылымының нысаны әлеуметтік топтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу болып табылады. Оған тарих пен әлеуметтік заңдарды ұғынуда натуралистік және фаталистік көзқарас тән. Оның пікірінше негізгі әлеуметтук заң ол – «әрбір әлеуметтік топтың барлық басқа әлеуметтік топтарды бағындыру, жолында кездескендерді талқандау мен үстемдікке ұмтылу». Нәтижесінде талқандаушы құрал түріндегі мемлекет пайда болады. Мемлекеттің пайда болуымен топтараралық конфликтер тиылмайды, олар өзге әлеуметтік топтар, таптар, әлеуметтік қабаттар, саяси партиялар сияқты жаңа формаларда көрінеді. Гумпилович, барлық әлеуметтік процестердің, конфликтердің түпкі себебі - адамның материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға ұмтылысы деп санайды. Гумпилович «этноцентризм» түсінігін енгізді. Ол тарихи пессимист болғандықтан, қазіргі қркениеттік адам шын мәнінде өзінің ілкітектік жабайылығынан арылмаған.
Э.Дюркгеймнің әлеуметтік реализм теориясы. Француз социология мектебінің негізін қалаушы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) социологияны қоғам туралы басқа ғылым салаларынан ажыратып, жеке ғылым етіп негіздеуге, қоғамдық өмірдің барлық құбылыстарын тек социология тұрғысынан түсіндіруге ұмтылды. Ол «Социология» атты еңбегінде фактілер категориясы өзіне ғана тән ерекшеліктерімен айқындалатындығын, ал олардың индивидтен тысқары, күштеумен тағылатын ойлау, іс-әрекет, сезіну тәсілдерімен байланысты екендігін көрсетті. Бұл құбылысты ол әлеуметтік деп атау керек деді. Дюркгейм социология ғылымын жасаушылардың бірі, оның идеялары жалпы социологиялық теориялардан эипирикалық және қолданбалы зерттеулерге дейін ықпалын тигізді. ХХ-ы ғасырдағы маңызды деген социологиялық теориялар, осы франциялық социологияның негізін салушының теорияларымен байланысты. Ол социология ғылымының өте қажеттігін онтологиялық тұрғыдан түбегейлі негіздеді. Ол қоғамды басқамен шатыстыруға болмайтын ерекшереалдық деп дәлелдеді. Дюркгейм қоғамды сакралдауға тырысады. Конттың дәстүрін жалғастыра отырып Дюркгейм қоғамды ынтымақтастық, бірлестік пен келісім өрісі ретінде қарастырды. Сондықтан социологияда қоғамдағы келісім мәселесін зерттегенде оны Дюркгейм дәстүрі ретінде санайды. Ол үйлесімді ынтымақтастықтың реалдығы мен болашағын оптимисті түрде бағалады, бірақ тоталитарлы қоғамдағы «жасанды» ынтымақтастықтың болатындығын ескермеді. Себебі еңбектің бөлінуі әлеуметтік ынтымақтастық пен бірге өзінше ерекше және конфликті мүдделері болатын әлеуметтік топтардың да пайда болуына алып келеді. Бірақ та, өмір көрсеткендей әлеуметтік ынтымақтастық, әлеуметтік конфликтен гөрі, қоғам үшін оңды және универсалды құбылыс. Дюркгейм қоғамды құндылықты-нормативті жүйе ретінде түсінуге маңызды үлес қосты. Ол, әлеуметтік жүріс-тұрыстар әр кезде барлығына тиісті ережелермен реттеліп отырады деді. Оның зерттеулері эмпирика мен теорияның бірдей қолданудың үлгісі болады. Дюркгейм құрылымды-функционалды талдаудың бастамасын ашты. Ол әлеуметтік ойдың методологиялық принциптерін және әлеуметтік құбылыстардың, ғылыми дәлелдердің анықтамаларына, бақылауға, ұғындыруға қатысты нақтылы әдістерді, ережелері мен процедураларын жасады. Социологиялық білімнің түрлі салаларына, жалпы теорияға, жеке теорияға, әлеуметтік өмірдің жеке жақтарын: мысалы мораль, құқық, ауытқыған жүріс-тұрыстар, жанұйя, тәрбие, дін, рым-жоралар зерттеуге көп үлес қосты. Дюркгейм кәсіби социологиялық этиканың пайда болуына да үлес қосты. Ол қазіргі қоғамдағы кәсіби этиканың ерекше маңыздылығын дәлелдеді. Социологияның танымдық мақсаты – танымдық әдістерді қолдана отырып қоғамағы тұрақты себеп-салдар заңдылықтары мен байланыстарды зерттеу деп көрсетті. Дюркгейм бойынша социологияның пәні әлеуметтік фактілер, ал олар екі белгілерімен сипатталады: 1) индивидтен тыс болатындар; 2) индивидті көндіру арқылы әсер ететіндер.
Қазіргі әлеуметтану көп жағдайда Э.Дюркгейм классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтәк таным процесінің әдістемесәне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология «социологизм» деп аталды. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Қандай да бір әлеуметтік құбылысты тек әлеуметтілік арқылы зерттеу қажет, себебі олардың барлығы әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Оның пікрінше, әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі – әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құрылады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәні болады. Оның басты мақсаты қоғамдағы құбылыстарға түркі болатын заңдылықтарды ашып, тұжырымдау. Социологияның дамуындағы сол кезеңде «социологизм концепциясы» өте тиімді болды. Сонымен, Дюркгейм концепциясының негізгі жақтары: қоғамды дербес объективті реалдық деп мойындау, ортаның жеке сана мен жүріс-тұрысқа ықпалын мойындау, діни моральдың және таным процесінің әлеуметтік табиғатын негіздеу. Э.Дюркгейм әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім,ынтымақтастық теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның басты еңбегі арналған ол – «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» деп аталады. Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті – әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп көрсетті. Э.Дюркгейм айтуынша қоғамның тұтастығының негізі – ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моаральдық ережелердің жиынтығы болады. Қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, әс-әрекеттері мен қызметтерінде басшылыққа алып отырады. Ол ХIХғ. Аяғы мен ХХ-ы ғасыр басындағы қоғам дамуының өзгерістеріне талдау жасай келе ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше экономикалық байланыстардың қоғамдық сананы біріктіру ролі әлдеқайда төмен, себебі діни сенім, әдет-ғұрыптар адамдардың санасында бұрыңғыдай маңызды роль атқармайды. Қазіргі замандық қоғамның, бұрыңғы замандардағы қоғамдарға қарағанда, тұрақтылығы төмен, ол аномиялық жағдайда болуда. Оның айтуынша, аномия қоғамның белгілі бір кезеңінде адамның мінез-құлқының төмендеп, моральдық яғни адамгершілік тұрғыдан басқару қиындап, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың, әс-әрекеттің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалады.
К.Маркс бірінші болып немістің ұлы философы Гегельдің философиялық диалектикалық әдісін қоғамға саналы түрде қолданды. Оның әлеуметтану теориясының ерекшелігі олқоғамдық процесс, құбылыстардың дамуын, өзгеруін әр уақытта дүниежүзілік жұмысшы көзқарасы тұрғысынан бағалап отырды. Дегенмен, К.Маркстің әлеуметтану теориясында көптеген бағалы ой-пікрлер, тұжырымдар бар. Оны мыналардан айқындауға болады:
1) К.Маркс мінсіздендірілген, абстрактілі қоғам жағдайына тән даму теориясына қарсы болып, өзінің нағыз, шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік-материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын «формация», яғни ерекше құбылыс ретінде қабылдады.
2) К.Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады;
3) қоғамның дамуын (детерминизм) бір формацияның, оған тән өндірістік тәсілдің екінші бір формациямен ауысумен байланысты;
4) К.Маркстің әдістемесінде екі басты үлгісі бар: а) органикалық б) механикалық.
Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі, формацияның негізгі екі компоненті – базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді.
5) К.Маркс әлеуметтік құрылым теориясын жасаған авторлардың бірі болды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік формасына байланысты екенін көрсетті. К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталды деп көрсетті. Осыған орай К.Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді.
К.Маркс әлеуметтануының кемшілігі – ол экономикалық қатынастарға басым мән беріп рухани-мәдени және саяси факторларға жете мән қоймады Ол, тарихтағы әлеуметтік таптар арасындағы әлеуметтік ымыраға келу, ынтымақтастық мәселелеріне де көңіл қоймады. Дегенмен, К.Маркстің әлеуметтану теориясы ХIХ - ХХ-ы ғасырлардағы әлеуметтанушыларға – Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель т.б. зор әсер етті. Олар Марксистік теорияның көптеген бағалы, құнды идеяларын өз тұжырымдамаларында кеңнен қолданды.