1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


тақырып. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және стратификациясы



бет19/51
Дата09.10.2022
өлшемі208,33 Kb.
#42060
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.2020 г.

4 тақырып. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және стратификациясы

1. Қоғам ұғымы және оның жіктелуі.


2. Қоғамның типологиясы мен әлеуметтік құрылымы.
3. Әлеуметтік өзара әрекет
4. Әлеуметтік теңсіздік
5. Әлеуметтік сартификация


1. Қоғам ұғымы - әлеуметтік ағымдардағы негізгі мәселе. Ол – көп қырлы құбылыс. Елдің әлеуметтік құрылысын сипаттайтын ұғым. Оның құрамдас элементтері: адам, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар және т.б. Қоғамдық өмірдің негізгі сфералары – экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани. Қоғамдық өмірдің әлеуметтік сфераның сипаты.
1.«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әртүрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2)театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3)Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.
Көп уақытқа дейін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұны және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавелли болды. Ол мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген арнайы термин енгізді.
Бұл аталған ұғымдардың айырмашылығын немістің ұлы философы Гегель теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді.
«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам-бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет-сол қоғамды басқаратын билік органы; ел- әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория. Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанымен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар. Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі-коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
Көрнекті неміс ғылымы М.Вебер: «Қоғам - адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.
Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам- адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың–негізі ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады деген.
Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.
Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі-қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл-қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет