СӨЖ тапсырма: Атақты әлеуметтанушы –теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель)
ойы туралы баяндама жазыңыз. Негізгі жұмыстарын айқындаңыз
және әлеуметтанулық
теорияларының тұжырымдарын жазыңыз.
Есеп беру түрі: жазбаша
СРСП №2
К.Маркс- (нем. Karl Heinrich Marx; 1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон) — 19-шы
ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономист, революционер, философ,
саясаттанушы,
әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.
Британдық «The Penguin Dictionary of Sociology» сөздігі Mаркстің еңбегі әлеуметтанудың дамуы үшін
маңызды болып табылатын бес саланы көрсетеді: Өзінің алғашқы еңбектершде Маркс иеліктен
айыру ұғымына ден қойды; бұл тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі; Ол өзінің
экономикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар байланысты деген көзқарастарымен
кеңінен танымал; Ол ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне талдау жасауға
мүдделі болды; Әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан
соншалықты көрініс табады. Таптық күрес,
оның тұжырымдауынша, «тарихтың қозғаушы күші»
болып табылады; бұл идея Маркстің шығармашылығын терең баурап алғаны сонша, батыс
әлеуметтануында маркстік теорияны кейде «жанжалдар теориясы» (conflict theory)
деп атайды;
Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.
Э.Дюргкейм- (1858-1917) – француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы. Дюркгейм негізінен
ұжымдық сана рөлі, оның әртүрлі түрлерін зерттеген. Ол өз
тұжырымындасында әлеуметтік
шындықтың ерекше және тәуелсіз принципіне сүйенеді. Осы қағидаға сүйене отырып, ол қоғамды
индивидтерден моральдық және күштік (физический) тұрғыдан жоғары қойды. Келесі
ынтымақтастық – ең жоғаргы моральдық принцип ретінде қарастырылды. Қоғамдағы екі
механикалық және органикалық ынтымақтастықты тұтас даму бөліктері деп көрсетті. Механикалық
ынтымақтастық архаикалық қоғамға,
индивидтердің, олардың қоғамдық функцияларының бір-
біріне ұқсастығына және жете дамымағанына негізделді. Органикалық ынтымақтастық Дюркгейм
бойынша қазіргі кезеңдегі қоғамдарға тән, ол еңбекті белуге негізделеді.1896 жылдан Бордо, 1902
жылдан Сорбонна университеттерінің әлеуметтану және педагогика профессоры, «Annес
Sociologigue» журналының негізін салушы. Р.Декарт, К.А. де Р.Сен-Симон дәстүрін
жалғастырып,
Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо И.Кант, Т.Спенсер, О.Конт, т.б. шығармаларын зерделеген. Ол негізінен,
үжымдық сананың, оның әр алуан пішімдерінің (діннің, ахлақтың, құқықтың) рөлін зерттеді.
Әлеуметтануды адам туралы ғылымдардың арасында жоғары бағалап, әлеуметтік болмыстың
онтология проблемаларын түсіндіруге арқау етті. Әлеуметтанудағы
биологиялық және
психологиялық бағыттың редукциялык әдістеріне (барлық пәндер үшін ортақ тұжырым түю арқылы
ғылыми білім бірлігі мәселесін шешуге арналған тәсілдер) қарсы шықты. Дюркгеймнің пікірінше,
адам дегеніміз – жекеше және әлеуметтік қасиеттерді бойына жинақтаған екіұдай шындық (homo
duplex), әсіресе, соңғысы адам болмысында басымдық иеленеді. Міне, сондықтан қоғам
индивидтердің алуан түрлі өзара байланыстарының нәтижесінде пайда бола отырып, даралықтан
тыс және даралықтан үстем болмысты құрайды. Дюркгейм «Әлеуметтанулық әдістің қағидасы»
(1895) атты кітабында өзінің методологиясындағы басты қағиданы «әлеуметтік фактілерді заттар
ретінде қарастыру керек» деп түйіңдеді. Жалпы, Дюркгеймнің философияға көзқарасы екіұдай әрі
қарама-қарсылықта болды. Бір жағынан, ол өзінің әлеуметтанулық
тәсілдерінің әлдеқандай