1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


тақырып. Отбасы және қазіргі заман.Дін, мәдениет және қоғам



бет29/51
Дата09.10.2022
өлшемі208,33 Kb.
#42060
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
6 тақырып. Отбасы және қазіргі заман.Дін, мәдениет және қоғам

1. Отбасы, оның белгілері мен қызметтері.


2. Отбасының тәрбиелік мәні.
3. Мәдениетті әлеуметтану тұрғыдан түсіну .
4. Қоғам түсінігі.
5. Діннің әлеуметтік мәні

Әлеуметтанушылар ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды, оны әлеуметтік институт және кішігірім топ ретінде талдап зерттейді. Отбасы – бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа және өзара жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі.


Отбасының аса маңыздылығы оның екі негізгі қоғам алдында атқаратын қызметінен көрінеді. Біріншіден отбасыол адамдардың ерекше тобы, себебі оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамып отыруын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі – ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екіші ұрпаққа жалғастырып отырады. Отбасының объективтік өзгеру процесі оның оның топ ретіндегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы – неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тәрбиелеу, құқықтық жауапкершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттеледі. Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады.
1.Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі.
2. Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас және жеке болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде шектеулі болады.
3. Отбасы-бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-теңдік сақтауға тырысады.
4. Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мүң-мұқтажын орындауды қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет