1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


тақырып. Әлеуметтену және ұқсастық. Ауытқу, қылмыс және әлеуметтік бақылау



бет25/51
Дата09.10.2022
өлшемі208,33 Kb.
#42060
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
5 тақырып. Әлеуметтену және ұқсастық. Ауытқу, қылмыс және әлеуметтік бақылау

1. Тұлға проблемасы


2. Әлеуметтену. Тұлға туралы теориялар
3. Тұлғаның әлеуметтену процесі.
4. Девиантты мінез құлық әлеуметтануы.
5. Әлеуметтік бақылау

1.Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика және т.б. ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.


Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады. Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет, т.б.) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы. Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай. Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.
Тұлға проблемасына орасан көп зерттеулер арналған. Олардың бәрін үш үлкен топқа бөліп, қарастыруға болады:
1. Тұлға проблемасының әдіснамалық және жалпы теориялық зерттеулері. Бұл зерттеулер келесі әдіснамалық принциптер мен пробле- маларды ашуға арналған: сана және іс-әрекет бірлігі принципі; тұлғалық принципі, тұлғаның себептілік принципі, биологиялық пен әлеуметтіктің өзара қатынасы принципі, тұлға бойындағы даралық және қоғамдық сипаттар, субъект проблемасы, жүйелілік бағытының іске асып баруы, және т.б. Тұлға психологиясындағы жалпы теориялық проблемалар: тұлға құрылымы проблемасы, тұлға типологиясы, қозғалысы (динами- касы) және дамуы, т.б. проблемалар.
2. Тұлғаның нақты құрылым бірліктерін және тұлға ерекшеліктерін, яғни тұлғаның сеп-түрткі – қажетсіну аймағын, агрессивтігін, күйзелісін, мінезін және т.б. эмпирикалық талдауға арналған зертте- улер.
3. Тұлға жөніндегі біртұтас авторлық теориялар: Фрейд, Юнг, Рубинштейн және т.б. ғылыми көзқарастары.
Тұлға жөніндегі зерттелеулердің бұл үш тобы өзара байланысты келеді.
Психологиядағы тұлға зерттеулерінің жалпы бағыттарына шолу бере отырып, екі негізгі бағытты – номотетикалық және идеографиялық - ажырата атамай болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет