Байланысты: 1 тақырып. Қазіргі жағдайдағы білім берудің басылымдық рөлі
Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде деген пікір дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома болып табылады. Кез келген мемлекеттің адамгершілік, интеллектуалдық, экономикалық және мәдени потенциалы білім берудің жағдайына және оның прогрессивті даму мүмкіндігіне тікелей байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - деп айтқан сөздері бұл ойымызды дәлелдей түседі. Білім беруді мемлекеттік құндылық ретінде тану арқылы дамыған мемлекеттердің үлкен табыстырға жетуі ойымызды дәледейді.
Білім берудің мемлекеттік маңыздылығын түсіну оның қоғамдық маңыздылығына талдау жасауды талап етеді. Мемлекет пен қоғам ұғымдары бірдей ұғым емес, олар өзара байланыстылықта болады. Әрқашанда мемлекет пен қоғамның білім беруге қатысты ұмтылыстары үйлесіп жата бермейді. Қоғам мемлекет анықтаған басымдылықтарды, бағдарламаларды, жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Қоғамдағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері кезек күттірмейтін мәселелерін шешуін қадағалап, білім беру ісіне құзыретті мамандардың келуін, әр түрлі жоспарлар мен жобалардың орындалуын қадағалап отыруы, қамтамасыз етуі тиіс.
Ұжымдық бастамалардың маңыздылығына қарамастан білім берудің тұлға үшін маңыздылығы да жоғары. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде тұлға үшін жеке мотивация мен ынталық қатынасын, сапасы мен деңгейін анықтайды. Тұлғалық құндылық ретінде білім беру тұлғаға өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді. Тұлғаның қалыптасуында білім беру маңызды роль атқарады. Тұлғаның мәдениеті, дүниетанымы, көзқарастары, өзіндік пікірі, тәжірибесі білім беру арқылы қалыптасады.
Білім беруді құндылық ретінде түсіндіруде оның мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық маңызын тұтастықта, жүйелілікте қарастырған жөн. Өйткені, тек осы тұрғыда түсіндіргенде білім беру ісін дамытуда тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкін болады.
4. Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің жай-күйіне жасалған талдау оның әлемдік деңгейге де, сондай-ақ көкейкесті практикалық қажеттілікке де сай еместігін дәлелдеп отыр. Біздегі бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс идеологиялық тәуелділік пен кәсіптік бағдар тән еді. Қоғамдық пәндер саласында көбінесе адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарын тиісінше ескере бермейтін ғылыми білім үлгілеріне бағыт ұстанылған еді. Білім беруді бір ізге салу, жаттанды қағидалар мен қалыптардан таймау, әлемдік өркениеттен оқшаулану рухани өмірдің жұтаңдауына әкеліп соқты.
Еліміздегі білім берудің жағдайын талдай келе, оның ілгері дамуына кедергі жасайтын төмендегідей проблемаларды көруге болады: - қоғамымызды демократияландыру процесіне байланысты туындайтын проблемалар;
- авторитарлы педагогикадан ізгілікті педагогикаға ауысу жағдайында кездесетін проблемалар;
- білім берудің ұлттық моделін құрастыруға байланысты проблемалар;
- білім берудің жаңа парадигмасын анықтауға байланысты туындайтын проблемалар;
- білім берудің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты проблемалар;
- орта балаға бағдарланған оқытудан жекелей, тұлғалық-бағдарланған оқытуға ауысудағы проблемалар;
- білім беру сапасына қатысты проблемелар;
- білім беру мазмұнын анықтаудағы проблемалар (оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар);
- білім берудің қоғамның құндылығы ретінде маңызының төмендеуі;
- жастардың тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтауына мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі және т.б.
Сондықтан, қоғамымызда білім берудің мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық құндылығы ретінде маңыздылығы төмендеді. Бірақ та мемлекет тарапынан жасалып жатқан реформалар қазіргі күні елімізде білім берудің маңыздылығының артып келе жатқанын байқатады. Мемлекет тарапынан білім беру ісіне қолдау көрсетіліп, оны әлемдік кеңістікке интеграциялау, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру сияқты игі іс шаралар жүргізілуде.
Білім беру ісінде қазіргі кезеңде үлкен өзгерістер жүруде:
• Білім беру жүйесінің жаңа ұлттық моделін құрастыру;
• Білім беру ісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
• Халықаралық білім беру жүйесіне интеграциялану;
• Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлендіру, технологияландырыу және т.б. іс-шаралар мемлекет тарапынан көтеріліп жасалуда.