Пәні: Балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеудегі психотерапиялық бағыттар Аралық бақылау тапсырмасы: Жоғарыда қаралған 8 тақырып бойынша рефлексивті есеп жазу. Оқытушы: Уакасова М.
Білімгер: Бақатай Ә.
1-тақырып Балалар мен жасөспірімдер психотерапиясындағы негізгі 10 түсінікке глоссарий Агрессия—белгілі бір мақсатқа жету құралы және басқалардың шабуылынан қорғанумен сипатталады. Адаптация—орта біртіндеп бейімделу. Зейін—баланың санасының белгілі бір затқа бағытталып тұрақталуын көрсететін құбылыс.
Дағды-сансыз қайталау нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып,оңай,шапшаң,дәл орындалып отырады.
Ерік-әрекет жасауды қажетсіну.
Жас дағдарысы-онтогенездердің психологиялық өзгерістерімен сипатталатын,уақыты жөнінен ұзақ емесерекше кезеңдері.
Әдет-әрект жасауды қажетсіну.
Госпитализм — жабық типтегі балалар мекемелерінде пайда болатын құбылыс. үлкендермен қаоым қатынастың аздылығынан балалардың дамып жетілуі күрт қала бастайды. Іс әрекет (амал )_ белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған іс әрекеттің біршама аяқталған элементі .ол ішкі және сыртқы болып ажыратылады. Іс әрекет қызмет — қоршаған болмысқа ықпал етумен сипатталатын белсенді қарым қатынас. Диалогиялық сойлеу— әңімелесуші адамның қолдап отырған сөзі екі немесе бірнеше адамның арасындағы сөйлеу бұлсөйлеу өтіп жатқан жағыдаймен тым жоғарғы дәрежеде байланысты сондықтан бұл сөздің жағдайға байланыстылғы жөнінде айтылып жүреді
Дидактика—оқыту теориясының мәселелерін зерттейтін педагогиканың бөлімі.
2-тақырып Денеге бағытталған терапия.
Денеге бағытталған терапия- психологиямен психотерапияның қазіргі бағытының бірі. Бұл терапияда денені адамның ішкі дүниесінің жанының бейнесі, оның жанының күйі ретінде қарастырады. Осы терапияның өкілдерінің айтуынша, адамда болатын барлық 90% психикалық ауруларды оның денесіне әсер етуі арқылы емдеуге болады, сонымен қатар психосоматикалық бұзылыстар мен көптеген аурулар адамның бұлшықетінің қысылуынан пайда болады. Денеге бағытталған терапияны қолдану, адамның өміріндегі ең басты-дене, жан және ақылдың өзара ара-қатынасын сезінуге машықтандырады.
3-тақырып
Психотерапия (гр.psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы.
Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі.
4-тақырып Балалармен жұмыс істеудегі ойын терапиясы
Ойын терапиясы — ойынды қолдана отырып балаларға немесе ересектерге психотерапевттік ықпал ету әдісі. Төменде балалармен жұмыс істегенде қалай қолданылатынын туралы айтылады, бірақ алдымен жалпылама ақпарат бере кетейік.
Бұл әдістеменің мәні адамның тұлғалық және психоэмоционалдық тұрғыда дамуына кедергі келтіретін әлеуметтік және психологиялық қиындықтарды еңсеруге жәрдемдесуі үшін ойынның терапевттік әсерін қолдану болып табылады.
5-тақырып Құм терапиясының мақсаты:
Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік –логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
7-тақырып
Балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу бағытындағы ертегі терапиясының кем дегенде үш түрін талдау
Мектепке дейінгі балалар агресивтілігіне ертегі терапиясы әсері Ертегі терапиясы– бұл кез келген басқа да психотерапия сияқты, жан дүниені тану және емдеудің түрі. Ол ертегілерді психикалық процестердің өту және көріну формасы ретінде зерттейді, психикаға жағымды әсер ететін ертегілерді тудырады. Онда психикалық процестердің желілігіне, басқаша айтқанда, адамның жан-дүниесінде болып жатқан құбылыстарға көңіл аударылады. Әдетте, олар мәдениет пен уақытқа тәуелсіз, адамдар үшін әмбебеп болып келеді. Ертегі терапиясы адамда санасыздықтың дамуы мен нақты кескін бойынша өзін көрсетуіне сүйенеді.
8-тақырып Би терапиясы өзінің даму тарихын шығармашылық биден алады.Ерте заманда би сөзбен айтып түсіндіре алмайтын кейбір ойлар мен сезімдерді жеткізу құралы болған.Спонтандық әрекеттер мен дене қимылы адам тілі шықпай тұрған кезде қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етті.Бидің көмегімен ауру адамдарды емдеуге тырысты.Биге еліктеушілер өздерін орманның қаһарлы жыртқыштарымен немесе мыстанмен, әруақтармен теңестірді. Кез-келген мәдениеттің өздерінің халық билері болады.Оларды бір жағынан – күнделікті мәселелерден босау,екіншіден - қарапайым халықтың мінез-құлқықтары мен салт-дәстүрлерін көрсетеді деп қарастыруға болады.
Батыс мәдениетінде би қарым-қатынас пен өзін өзі көрсету құралынан өнердің бір түріне айналды және ол көпшілікті үйрету мен көңілдерін көтеру үшін қолданылды.