Педагогика тарихы – педагогика ғылымының жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының тарихын, қалыптасуын зерттейді.
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Д.Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, И.Гербард, А.Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді.
Арнайы педагогика – көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым. Педагогика ғылымында дефектология (лат. defectus — жетімсіздік және грек. logos — сөйлеу, оқу) деп те аталады. Ол төрт салаға бөлінеді:
1)сурдопедагогика – саңырау, мылқау балаларға және керең балаларға білім беру және тәрбиелеу;
2) тифлопедагогика – көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы;;
3) олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы;
4) логопедия –тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді.
Табиғи кемтар балалар мемлекеттік қаржы есебінен арнайы мектептерде тегін оқытылады.
Тапсырма 2.Оқу пәні ретінде педагогика дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
Педагогика ұзақ уақыт бойы философияның бір бөлігі ретінде дамытылып, екі негізгі философиялық тұжырымдамалар бағытында қалыптасқан. Бірінші тұжырымдамада Сократ пен Платонның идеялары жинақталған. Олардың айтуынша, адам дамуының негізгі факторлары – оның табиғи қабілеттері. Ал сыртқы жағдайлар адамның дамуына елеусіз әсер етеді. Екінші тұжырымдамада Гераклит, Демокрит, Эпикурдың идеялары біріктірілген: адамның дамып, тәрбиеленуін, ең алдымен, қоршаған орта және сыртқы жағдайлар белгілейді.
Тұжырымдамалардың нәтижесінде педагогикада осы күнге дейін педагогикалық теорияны жасауда әртүрлі пікірлер айтылуда.
К.Д.Ушинский ғылыми педагогиканың қалыптасуының маңызды кезеңі – халық педагогикасы деп есептеген. Ол педагогикалық тәрбие жүйелерін халық өмірінің ерекшеліктерімен байланыстыра түсіндіреді.
Содан кейін педагогиканың дамуында екі үлкен кезеңді белгілейді: 1) ғылымға дейінгі кезең; 2) педагогикалық ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.
Соңғы уақытта ғана неміс педагогы Франц Хофман педагогиканың дамуында үш кезеңді көрсетеді:
Ерте кезең.Оны автор тәрбие даналығы деп атайды. Бұл адамзаттың қарапайым педагогикалық ойлаудан тәжірибемен тексерілген ойлауға қарай көшу кезеңі. Осы кезеңдегі педагогикалық көздер: Ежелгі Египет папирустары, «Соломон притчаларының кітабы» және т.б.
Екінші кезең– «Пайдагогия». Бұл кезеңінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның педагогикалық ойлары ерекше орын алады. Бұнда педагогикалық білім саяси, философиялық және психологиялық білімнің бір бөлігі болып табылады.