Тапсырмалар: Тапсырма 1. Педагогика ғылымдарын топтастыру сызбасын құрыңыз.
Педагогика ғылымдары: • Жалпы педагогика;
• жас ерекшелік педагогикасы;
• мектепке дейінгі педагогика;
• жоғары мектеп педагогикасы;
• әлеуметтік педагогика;
• дидактика;
• арнайы педагогика;
• жеке пәндерді оқыту әдісі;
• педагогика тарихы
Жалпы педагогика– адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады: 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану.
Жалпы педагогика: 1.Адам тәрбиесінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін, барлық оқу-тәрбие мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісінің жалпы негіздерін әзірлейтін негізгі ғылыми пән;
2. барлық жастағы топтарға және оку-тәрбие мекемелеріне ортақ болып саналатын оқытудың және тәрбиелеудің ұстанымдарын, формаларын және әдістерін зерттейтін және қалыптастыратын педагогика;
3. оқыту мен тәрбиелеудің негізгі заңдарын зерттейтін педагогикалың білімдердің бір саласы. Жалпы педагогиканың құрастырушы бөлшектері мыналар болып табылады: тәрбиелеу теориясы, оқыту теориясы (дидактика) және білім беру жүйесіндегі ұйымдастыру және басқару теориясы.
Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары – мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т.б.
Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен – жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика зерттейді.