1-тақырып. Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» білім беру саласын оқыту әдістемесі» оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері Сұрақнама



бет3/5
Дата05.12.2023
өлшемі30,23 Kb.
#134563
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жаратылыстану 3-аптаның тапсырмасы

Əлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мəжбүрлі тəрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда.
Мектепке дейінгі педагогика – отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейді. Қазіргі педагогиканың мектеп алдындағы жастағы балалардың дамуын, тәрбиесін, оларды қарапайым окыту түрлерін зерттейтін саласы.
Жалпы педагогиканың методологиясы мен категориялық аппаратына негізделеді. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы зерттеулер пәнаралық сипатта болады және жалпы педагогикасы, балалар педагогикасы және жас психологиясы салаларының шегінде болады: бұл ғылыми пәндердің деректері мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен тәсілдерінің теориялық негізі болады.
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нетижесін айкындайды.
Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:
1. Педагогиканың жалпы негіздері
2. Тәрбие теориясы.
3. Дидактика.
4. Мектептану (басқару теориясы).
Дидактика – педагогиканың негізгі тарауларының бірі.
Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері: оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу.
Дидактика – оқыту мен білім берудің теориясы. Дидактика (грек тілінен ауд. Didaktiras – зерттеу бойынша, didasko -зерттеуші) – балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін сипаттайтын, оқытуды ұйымдастыру принциптері, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогаканың құрамдас бөлігін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет