1-тақырып. Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» білім беру саласын оқыту әдістемесі» оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері Сұрақнама


Педагогиканың дербес ғылыми теория ретінде қалыптасу кезеңі



бет5/5
Дата05.12.2023
өлшемі30,23 Kb.
#134563
1   2   3   4   5
Педагогиканың дербес ғылыми теория ретінде қалыптасу кезеңі. Бұл кезең ұлы чех педагогы Я. А. Коменский есімімен тығыз байланысты. «Ұлы Дидактика» еңбегі. Я. А. Коменскийдің «Ұлы Дидактика» еңбегі педагогиканы ғылым ретінде жүйелеген оқулық және әдістемелік құрал.


Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
Қазақстан қоғамында болған өзгерістерге байланысты педагогика ғылымы: социалистік, коммунистік, демократиялық, гуманистік сипатта дамып отырды.
Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы ұлы ойшылдар (Әл-Фараби, Ж. Баласағүн, М. Қашқари, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин. А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов және т.б.). Бұл ойшылдардың еңбектері мен ойлары олардың беделі сияқты әртүрлі тарихи кезеңдерде қазақ халқын оқыту мен тәрбиелеуде қозғаушы күшке тең болды.
20-30ж.ж. қазақтың ағартушы педагогтарының ішінен А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев және т.б. айтуға болады. Олар отандық педагогика мен мектептегі оқытудың дамуына тарихи-мәдени мұра мен қазақ халқының салт-дәстүрлері тұрғысынан көп үлестерін қосты. Білім беруді қолдау негізінде олар мынадай оқу пәндерін қойған, олар: ана тілі және әдебиеті, тарих, география, Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемі, Қазақтың дәстүрлі шаруашылық іс-әрекет түрлері негізіндегі еңбек тәрбиесі, бейнелеу өнері, ұлттық ойындар және т.б. Бірақ қазақ ағартушыларының демократиялық ойлары сол кездердегі мемлекеттік партия ұйымдарының саяси идеологиялық үкіміне қарсы тұра алмады.
Педагогика ғылымының дамуына ҚР ҰҒА академик, профессор А. П. Сейтешев және оның мектебі маңызды үлес қосты. Оның еңбектерінде жалпы білім беретін, кәсіби-техникалық, жоғары мектеп дидактикасы, инженерлік-педагогикалық кадрларды дайындау, мектеп оқушыларын, КТУ студенттерін тәрбиелеу мәселелері үлкен теориялық-тәжірибелік мәнге ие. Бұл кезеңде елімізде педагогика ғылымының дамуы мен ӛркендеуіне атақты ғалым-педагогтар Х. К. Арғынов, К. Б. Жарықбаев, А. И. Сембаев, К. Б. Бержанов өзүлестерін қосты.
80 жылдардың ортасында біздің еліміздегі басталған қайта құру үрдісінің толқуы адамзат іс-әрекетінің барлық аймағын қамтыды, олар: саяси жүйені, мемлекеттік құрылымды, құлықтық құндылықты, құқықтық нормаларды, мәдени мұраны, халықаралық қатынастарды. Білім берудегі негізгі қайта құрылу-педагогикалық ойлардың ӛзгеруі, авторитарлық педагогиканы демакратиялық педагогикаға қайта бағыттау еді.
Қазіргі заманғы педагогика білім беру туралы ғылым, адамдарды тұлғалық және кәсіби дамуының барлық жас ерекшелік кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу үрдісі.
Бүгін педагогика – бұл жеке ғылым, басқа ғылымдармен кең кӛлемде өзара байланысты біріктірілген және жіктелген үрдіс, олар: философия, психология, әлеуметтану, физиология, математика, саясаттану, экономика. Ол оқыту мен тәрбие саласындағы ғылыми құбылыстарды көрсетеді, құбылыстар арасындағы байланыстың себебін анықтайды және білім берудің ықпалын адамда болатын ӛзгерістердің неліктен екендігін түсіндіреді.
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуынан бастап оның оқыту пәні ретіндегі формасы қалыптаса бастайды. Ғылым – табиғат, қоғам және ойлау жайындағы шынайы білімнің жүйесі. Оқу пәні ғылымда нәтижелі болып келетін білімді кіріктіреді. Оқу пәнінің мазмұнын анықтауда ғалымдар, мектеп ұжымдары дидактикалық мәселелер бойынша пікірталас жүргізіледі. Соған байланысты ғылымда жаңа мәселелер пайда болып, оның дамуы жүзеге асады. Бұл шығармашылық жұмыс ғылымның дамуына, оқу пәнінің тұрақтануына ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет