1 тақырып Бастауыш мектептегі математика пәнінің мақсат-міндеттері


«Математика» пәні бойынша базалық білім мазмұны



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі28,85 Kb.
#14259
1   2
 
2. «Математика» пәні бойынша базалық білім мазмұны 
 
Теріс емес бүтін сандардың  арифметикасы 
Білім беру керек: 
-
 
натурал  санның  санаудың,  өлшеудің  және  арифметикалық 
амалдардың нәтижесі болатындығы жайында; 
-
 
нөлдің заттың жоқ екенінің және арифметикалық амалдардың 
нәтижесін сипаттаитындығы жайында; 
-
 
шамалар  (ұзындық,  масса  сы!ымдылық,  уақыт,  аудан,  көлем 
жылдамдық) және олардың –лшеу жайында: 
-
 
натурал сандардың (есептік және реттік ) қасиеттері туралы: 
-
 
натурал  сандардың  қатары  және  оны  түзудің  ерекшеліктері 
туралы; 
-
 
санның және шаманың үлесі туралы; 
-
 
нөлдің және бірдің қасиеттері туралы; 
-
 
санаудың ондық жүиесі және жазбаша нумерацияны мысалға 
ала отырып, сандарды жазудың тәсілдері туралы;  
-
 
санды өрнектер және олардың мәндері туралы; 
-
 
санды 
өрнектердегі 
арифметикалық 
амалдардың 
орындалуының рет- тәртібі туралы; 
-
 
әр  түрлі  (,,...бірлік  артық»,бірлік  кем,  ,,  ...  есе  артық,  ,,...есе 
кем) қатынастар туралы ; 
-
 
арифметикалық  төрт  амал  (әрқаисысының  мән  –мағынасын 
ашу) 
және 
олардың 
қасиеттері 
(қосу 
мен 
көбеитудің 
ауыстырылымдылық  және  терімділік  қасиеттері,  көбеитудің 
үлестірімділік қасиеті) , арифметикалық амалдардың өзара кері (қосу 
мен азаитудың, көбеиту мен бөлудің) екендігі туралы; 
-
 
микрокалькулятордың 
есептеулер 
жүргізу 
жұмысын 
жеңілдететін және шапшаңдататын мүмкіндіктері жайында;  
-
 
математикалық  жаттығулардың  ерекше  түрі  есеп  және  оның 
құрамдас бөліктері мен оны шешу процесініңкезеңдері жайында. 

 
19 


 
 
Оқыту керек: 
-
 
миллион көлеміндегі сандарды жазуды, оқуды, салыстыруды 
және қосынды түрінде жазып көрсетуді; 
-
 
қарапайым  және  құрама  санды  өрнектерді  құруды,  оқуды, 
жазуды және салыстыруды, сондай- ақ олардың мәндерін табуды; 
-
 
құрама  өрнектерде  (жақшалы  және  жақшасыз)  амалдардың 
орындалуының рет- тәртібі жайындағы ережелерді қолдануды; 
-
 
үлесті оқуды және оны бөлшектің көмегімен жазып көрсетуді, 
санның  және  шаманың  үлесін  табуды,  сондай  –  ақ  практикалық 
есептерді шығаруда үлесі бойынша санды және шаманы табуды;   
-
 
тәжірибеде  ауызша  және  жазбаша  математикалық  тілді, 
терминологияны және белгілеулерді қолдануды; 
-
 
сандармен  және  шамалармен  ауызша  есептеулер  (кестелік 
және  оған  келтірілетін  жағдайларда  бірдің  және  нөлдің  қасиеттері; 
екі  таңбалы  және  бір  таңбалы  сандарды  қосу  (азайту);  екі  таңбалы 
санды  бір  таңбалы  санға  көбейту  (бөлу);  әрқайсысының  жазылуы 
нөлмен  аяқталатын  сандар  болғанда,  арифметикалық  амалдардың 
қасиеттері  және  санның  құрамы  жайындағы  білімді  қолданып) 
жүргізуді;  
-
 
бір таңбалы сандардың және 10 санының квадраты мен кубын 
табуды;  
-
 
миллион көлемінде көп таңбалы сандармен және шамалармен 
жазбаша,  ал  миллиард  көлемінде  микрокалькулятордың  көмегімен 
есептеулер жүргізуді;  
-
 
шамалардың  өлшем  бірліктерін  түрлендіруде  (ірі  бірліктен 
ұсақ  бірлікке  көшу  және  керісінше)  олардың  арасындағы  негізгі 
қатынастарды қолдануды;  
-
 
жәй  есепке  сәйкес  амалды,  ал  құрама  есепке  амалдың  рет-
тәртібін таңдап алуды және негіздеп беруді;  
-
 
берілген есепке кері есеп құруды және шешуді;  
-
 
есептің жауабын бөліп көрсете отырып, оның шешуін жазуды 
және тексеруді жүзеге асыруды. 
Алгебраның элементтері  
Білім беру керек: 
-санды теңдіктер және теңсіздіктер туралы; 
-
 
тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктер туралы
-
 
әріпті өрнектер және олардың мәндері туралы; 
-
 
теңдеулер және оларды шешудің әдіс-тәсілдері туралы

 
20 


 
 
-
 
есепті алгебралық шешудің мән-мағынасы туралы. 
Оқыту керек: 
-
 
     тура  және  тура  емес  санды  теңдіктер  мен  теңсіздіктерді 
құруды; 
-
 
құрамында  бір  ғана  әріп  болатын  қарапайым  және  құрама 
әріпті  өрнектерді  құруды,  жазуды,  оқуды,  салыстыруды  және 
олардың мәнін табуды; 
-
 
санды теңдік және теңсіздікті,     тура теңдік және теңсіздікті; 
санды және әріпті өрнектерді және теңдеулерді ажыратуды; 
-
 
жай  және  екі  амалмен  шығарылатын  есеп  бойынша  теңдеу 
құруды; 
-
 
қарапайым  теңдеулерді  және  амал  компоненті  немесе 
нәтижесі  санды  өрнек  болып  келетін  құрылымы  күрделірек 
теңдеулерді шешуді. 
Геометрияның элементтері 
Білім беру керек: 
-
 
сызықтың  түрлері  (түзу,  қисық,  сынық)  тұйықталған  және 
тұйықталмаған сызықтар, олардың орналасу қалпы жайында; 
-
 
қоршаған  дүниедегі  заттардың  бейнесі  және  нүктелердің 
жиыны  ретіндегі  геометриялық  фигуралар  және  олардың  атаулары 
(нүкте, сәуле, кесінді, түзу, бұрыш, көпбұрыш және олардың түрлері, 
дөңгелек, шеңбер) туралы; 
-
 
бұрыштың  түрлері,  бұрыштарды  және  көпбұрыштарды 
топтамалау  (классификация),  көлемдік  фигуралар  (текше  (куб),  тік 
бұрышты параллелепипед) туралы; 
-
 
тектік  тиісьілігі  және  түрлік  өзгешеліктері  бойынша 
геометриялық ұғымдарды анықтау жайында; 
-
 
латын  алфавитінің  әріптері  мен  геометриялық  фигураларды 
белгілеу және олардың кейбір қасиеттері жайында; 
-
 
аса  маңызды  геометриялық  шамалар-ұзындық,  аудан,  көлем 
және олардың өлшем бірліктері жайында; 
Оқыту керек: 
-
 
қоршаған  заттардан,  моделдерден,  суреттерден,  сызбалардан 
геометриялық фигураларды ажыратуды; 
-
 
берілген фигуралардан геометриялық фигураларды құрастыру 
және оларды құрамдас бөліктерге бөлуді; 

 
21 


 
 
-
 
геометриялық  фигураларды  сызуды  (кескіндеп  көрсетуді) 
және  латын  алфавитінің  әріптерімен  белгілеуді  және  сол  белгілер 
бойынша оқуды; 
-
 
Жазықтықтағы 
қиылысатын 
және 
қиылыспайтын 
фигураларды  ажыратуды  және  қиылысатын  фигуралардың  ортақ 
бөліктерін, фигураға тиісті және тиісті емес нүктелерді табуды; 
-
 
құралдардың  (сызғыш,  циркуль,  бұрыштық)  көмегімен 
геометриялық фигураларды (кесінді, бұрыш, тік төртбұрыш, квадрат-
шаршы) салуды; 
-
 
тәжірибеде кесінді және ауданды өлшеу үшін сызғышты және 
палетканы қолдануды; 
-
 
тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын, кубтың (текшенің) 
және тік бұрышты параллелепипедтің көлемін есептеп шығаруды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет