1 Тақырып. Болмыс. Онтология және метафизика. Онтология


Тақырып. Білім, ғылым, техника және технологиялар



бет4/4
Дата19.04.2023
өлшемі22,74 Kb.
#84228
1   2   3   4
Байланысты:
Философия тек2

3 Тақырып. Білім, ғылым, техника және технологиялар.


Ғылым және білім философиясы біріншіден, ғылыми-танымдық қызметті сипатын зерттейтін философиялық бағыт, екіншіден, ол білім жүйесін дамушы жүйе ретінде, адам қызметінің елеулі арнасы ретінде зерттейтін философияның бір бөлімі. 
Ғылым философиясы ХХ ғасырдың ортасында философияның бір тарауы ретінде пайда болса, ал философиялық бағыт ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде қалыптасқан еді: О. Конт, Г. Спенсер т.б. 
Ғылым философиясының дамуы мынадай кезеңдерді бастан өткерді: 
1) (XIX ғ екінші жартысы.) тәжірибелік танымның логикалық құрылымдарына назар аударды, зерттеудің психологиялық сипатына қарай көңіл бөлді. 
2) (XX ғ басы.) ғылымның мазмұндық негіздері басты орынған шығарылды; детерминизм, тұрақты және өзгермелі заңдылықтардың арақатынасын, кеңістік пен уақытты зерттеу, ғылыми білімнің бірлігі және әлем бейнесінің бүтіндік құрылымы жолға қойылды. Демаркация, ғылым мен метафизиканың бөлінуі, математика мен жаратылыстанудың айырмашылығы, әлеуметтік-гуманитарлық пен табиғи жаратылыстану ілімдерінің ара байланысы талқыланды. 
3) (XX ғасыр ортасы.), ғылым тілін зеттеу (Венский үйірмесі, Берлин тобы — М. Шлик, Р. Карнап, Х. Рейхенбах). Неопозитивистік философия верификация, фальсификация мәселелерімен шұғылданды. 
4) ХХ ғасырдың 60 жылдарында постпозитивистік кезең болды.Әдіснамалық тұжырымдардың көп түрлілігі, өзара сын, қатаң логикалық ж.йелерден бас тарту т.б. мәселелер жолға қойылды (Т. Кун, К. Поппер, С. Тулмин, И. Лакатос, Дж. Агасси, П. Фейерабенд).
Ғылымның пайда болуы туралы мәселе өзгеше күрделі. Бүгінгі таңда да ол туралы көзқарастар әртүрлі. Негізінен, пікірлер, біріншіден, ғылымның пайда болған уақыты мәселесіне, екіншіден, ғылымның шыққан орнына, үшіншіден, ғылымның пайда болуын негіздеуге болатын белгілерге қатысты өрбиді. Негізгі ұстаным – ғылымның алғашқы бұлақтары, – адамның еңбек құралын дайындауды бастағанын жан-жануарлар әлемінен бөліп көрсету шамасына қарай, – сол ең бір алыс замандардан (1,5-2 млн. жылдар бұрын) бастау алады деген тұжырым болып табылады. Көпшілік ғалымдар ғылым – ол қазіргі заманғы адамзат дамуының өркениетті кезеңінің жемісі деген ойға ден қояды. 
Ғылым мен техниканың дамуын төмендегідей тәртіпте көрсетуге болады: 
1. Қоғам дамуындағы ғылымға дейінгі кезең (көне заманнан XV ғасырға дейін). 
2. Заманға сай ғылымның қалыптасуы (XVI ғасырдан XIX ғасырдың 70 жылдарына дейін). 
3. Ғылым мен техника дамуындағы классикалық (айқын) кезең – XIX ғасырдың 70 жылдары – XX ғасырдың ортасы).
4. Ғылым дамуындағы классикалықтан кейінгі кезең (XX ғасырдың ортасынан осы уақытқа дейін). 
Ғылым дамуындағы зерттеу аймағындағы қайта құру ғылымси төңкеріс деген ұғымды туғызды. Ғылымның негізделуінің негізгі компоненттері: идеал мен тәсілдер, әлемнің ғылыми бейнесі, филомсофиялық идеялар мен қағидаттар.
Адамның өзі қатынасатын обьектілер зерттелді: ғаламдық экология, гендік инженерия т.б. Бұл ұсақ және ірі обьектілеғрді пайдалануды және компьютерсіз мүмкін емес жағдайды туғызды. Сонымен қатар, зерттеушіге тиым салынған, апатты жағдайларға (катастрофаларға) алып келетін обьектілер пайда болды. 
Техника пайда болу уақытын анықтасақ, оның өте ерте заманда болғанын түсіну қиын емес. «Тechne» – қол өнерінен бастап, ұста (мастер) деген түсініктерді де қамтиды. Техникаға бір нәрсені жасау немесе не ойыңды іске асыру үшін қолданылатын қарапайым құралан бастап, күрделі аспаптар мен құралар жатаы. 
Техника тәжірибе, біліммен тығыз байланысты. XVII ғ. алғаш еңбек машинасы жасалды. Техника жалпы тұрғыдан қарағанда адамды табиғатпен байланыстыратын, тек байланыстырып қана емес, табиғатқа әсер ететін және оның құпиясын ашып, пайдасын өзіне игеріп, қоғамды дамытуға қолданатын күш. Қазір адам қосымша энергия қуатын теңіз толқынынан, жел күшінен, күн сәулесінен ала бастады. Қазір мұның бәрі күрделі жолға қойылды. Ірі су электрстанциялары былай тұрсын, атом электр станциялары жұмыс істеуде. Қазіргі автоматтандырылған жұмыспроцестерін қолданып олардың дамуын үдету үшін адам программа жасайды, жұмысын бақылайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет