Әлеуметтік болмыс. Философиялық антропологияда адам – өзінің жаратылысынан қоғамдық мәнділік. Сондықтан оның өмірінің мәні тек қоғам мен жеке адамның мүдделері мен мақсаттарын ұштастыру жолында табылуы мүмкін деп санайды.
Болмыс ұғымын қоғамға және онда жүріп жатқан үдерістерге қатысты қолданғанда оның мазмұны ашыла түседі. Қоғамдық болмыс ұғымы адамдардың өзара қауышуы мен қызметінің тарихи формаларының олардың санасына қатысты объективтілігін білдіреді. Қоғамдық болмысты адамдардың материалдық игілік өндірісіндегі табиғатқа материалдық қатынасы және өндіріс үдерісінде адамдар жасайтын қатынастар деп түсінуге де болады.
Адам тек қоғамда ғана – адам. Қоғамсыз өмір сүре алмайды. Өмірге келген әр адам өзінен бұрын өмір сүрген ұрпақтардың қолымен жасалған заттар әлемінде өмір сүреді. Қызметтің әлеуметтік-тарихи қалыптасқан формаларын игеру жеке адамның қалыптасуының басты шарты және тетігі болып табылады. Адам сәби кезінен бастап ересектермен араласады, олардан үйренеді және оларға ұқсауға тырысады. Соның арқасында дамып келе жатқан адам еңбек құралдарын пайдалады, ақылмен әрекет етеді, түрлі рәміздерді аңғарады, өздердің, ұғымдардың мағынасын түсінеді – әлеуметтік қалыптардың жиынтығын меңгереді. Адами сипаттарды игере отырып, сәби мәдениетпен қауышады.
2 Тақырып. Таным және шығармашылық.
Таным деп бiз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегi ерекше рухани iс-әрекетiн айтамыз. Ол әрқашанда даму үрдісiнде. Дүниетанудағы негiзгi мақсат -зерттелiп жатқан заттар мен құбылыстардың iшкi сырын ашу, яғни оларды бiлу. Бiлiм - әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесi, өйткені бiрдеңенi бiлу дегенiмiз - сол жөнінде идеалдық түсiнiктiң болуы. Олай болса, танымды күрделі үрдіс, ал бiлiмдi белгiлi бiр нәтиже ретiнде қарауымыз керек.
Тарихи ғылыми бiлiм дүниеге келместен бұрын, күнбе-күнгi өмір тәжірибесiнен пайда болған бiлiм дүниеге келедi. Ол адамның кәсiби танымдық iс-әрекетiнен емес, күнбе-күнгi өмірдiң қажеттiлiктерiнен (аң аулау, балық ұстау, еңбек құралдарын жасау, үй салу, бала түрбиелеу, жемiс-жидек жинау т.с.с.) пайда болады. Ал ғылыми бiлiмге келер болсақ, ол арна ұлы бiлiмдi меңгеру мен оны шығармашылық жолмен дамытудың негiзiнде пайда болады. Оның қайнар көзi бертiнде, ой еңбегiнiң дене еңбегiнен бөлінуiнен басталады. Жүре келе, ғылыми зерттеудiң тақырыбына байланысты бiлiмнiң әртүрлі салалары пайда болады.
Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесi: түйсiктерi, ақыл-ойы, ырқы сезім тебiренiстерi, iшкi көкей көзi (интуиция) - бәрi де өзара бiр-бiрiмен байланысты түрде қатысады. Танымды жете түсіну үшін бiз теориялық деңгейде оларды бiр-бiрiнен ажыратып қарастыруымызға болады. Сезімдік тәжірибе және рационалдық ойлау, олардың негізгі формалары. Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын сезімдік танымның негізгі формаларына түйсік, қабылдау және елестету процестері жатады.
Түйсік дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей есер ететін объективтік дүниенің заттары мен нәрселерінің жеке қасиетгері мен сапаларының бейнеленуі. Сезімдік бейнелендірудің күрделірек формасы қабылдау деп аталады. Егер түйсік жеке сапа, қасиеттердің бейнесі болса, ал қабылдау нәрсенің бір тұтас бейнесі больш табылады, яғни нәрседе, затта қанша сапалық белгі, қасиет болса, олардың бәрі сол нәрсенің біртұтас бейнесін құрады Сезімдік бейнелендірудің күрделірек формасы қабылдау деп аталады. Егер түйсік жеке сапа, қасиеттердің бейнесі болса, ал қабылдау нәрсенің бір тұтас бейнесі болып табылады, яғни нәрседе, затта қанша сапалық белгі, қасиет болса, олардың бәрі сол нәрсенің біртұтас бейнесін құрады. Ендi елестетуге келер болсақ, ол санаға тiптi жат байқалады. өйткені көзге елестетiн зат, я құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сiз оны елестете аласыз. Адамның сана-сезімiнiң тағы да бiр керемет ерекшелiгi - өткендегiнi есте сактау. Физиологиялық тұрғыдан келгенде, ол адам жүйкесiнiң өткендегi болғанды акпарат ретiнде сактау қасиетi болып табылады. Оның негiзгi екi түрін көрсетуге болады. Бiрiншiсi сезімдік бейне болса, екiншiсi - сөздiк-ұғымдық түрі.
Ойлау дегеніміз заттар мен құбылыстардьщ мәнді қасиеттері мен қатынас-байланыстарын мақсатқа сай абстрактілі, жанама және жалпылау формасында бейнелендіру процесі. Ойлаудың тууының, дамуының және жузеге асуының негізгі формалары - үғым, пікір және ойқорытынды. Пікірдің таным формасы ретіндегі ерекшелігі - ол ақиқатгы, немесе жалғандықты білдіреді, ештеңе біддірмейтін бейтарап пікір болмайды. Белгілі бір пікірге келу үшін адам ойқорытындысын жасауы тиіс. Екі немесе одан да көп пікірлерден (алгышарт-тардан) қорытынды деп аталатын жаңа пікір тұжырымдап шыгарудың логикалық тәсілін ойқорытынды деп айтады.
Сезімдік танымның негiзгi формалары түйсiктер, қабылдау және елестету болып табылады. Айнала қоршаған дүниемен адам өз түйсiктерi арқылы байланысты. Адам белгiлi бiр затты көріп, оның жылы-суықтығыiн, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттліiгiн т.с.с. анықтай алады. Түйсiктер бiздi дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретiн бейнелеудiң ерекше түріне жатады. Адамның түйсiктерi бiр-бiрiмен байланысты, олар өзара бiр бiрiн толықтырып, сәйкестендiрiп отырады. Соның нәтижесiнде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік алады. Затты қабылдау дегенiмiз оның ащы-тұщылығын, түрлі түстілiгiн т.с.с. қасиеттерін бөлек-бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесiн тудыру болып табылады. Ол заттың тек оған қажеттi жактарын ерекше белгiлейдi. Ендi елестетуге келер болсақ, ол санаға тiптi жат байқалады. өйткені көзге елестетiн зат, я құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сiз оны елестете аласыз. Мысалы, жақсы көретiн досыңызды, я болмаса ауылдағы туысыңызды дәл қазiр жаныңызда болмағанмен көзге елестетуге болады.
Адамның сана-сезімiнiң бiр ерекшелiгi - өткендегiнi есте сактау. Физиологиялық тұрғыдан келгенде, ол адам жүйкесiнiң өткендегi болғанды акпарат ретiнде сактау қасиетi болып табылады. Оның негiзгi екi түрін көрсетуге болады. Бiрiншiсi сезімдік бейне болса, екiншiсi —-сөздiк-ұғымдық түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |