4 Объектiлі-реляциялық модель
ДҚБЖ рыногында реляциялық модель басым. Есептердiң кейбiр класы үшiн ДҚБЖ қажеттiгi аз. Мұндай жағдайларүа мультимедиялық деректердi (дыбыс, видео, образ) өңдеу мен сақтау жатады. Өмiрде оларға деген қажеттiлiк те артуда.
Мысалы, археологиялық ақпараттық жүйелердi қарастырайық. Бұл жүйеде археологиялық қазбаларда тапқан фотографияларды сақтау керек болады. Ол суреттер табылған күнi, уақыты, табылған кезеңiмен бiрге сақталуы керек. Суреттердi көруге бағдарлама құрылады да, қажет дегенiн тауып алуға болады. Бұл жердiң бiр ерекшелiгi (қиындығы) – цифрланған суреттер үлкен көлемдi, өте үлкен трафик шақырылады. Сондықтан да суреттердi алғашқы образбен салыстырып сұрыптап тауып алу үшiн сервердегi деректер қорында ұстаған жөн.
Объектiлi-реляциялық модель сервер iшiнде деректермен жұмыс iстеу үшiн жаңа функциялар енгiзуге, атрибуттардың жаңа типiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Екiншi жағынан, суреттермен жұмыс iстеу үшiн бiр рет деректердiң типiн құрған соң, онымен жұмыс iстей беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |