Шарт дегеніміз өзінде =, >, <, >=, <= қатынастық әрекеттер мен «және», «немесе», «емес» логикалық амалдар қолданылатын логикалық өрнек болып табылады.
6. Проекцияны құру амалы кестеден жаңа кестені құру үшін қажетті бағандарды таңдап алуға мүмкіндік береді. Проекцияны құру амалы келесі тәртіппен жазылады
Кестенің атауы.[баған, баған, . . . , баған]
7. Қосу (жалғау) амалы кестелердің арасындағы мәліметтерді байланыстыру үшін қолданылады. Бұл амал келесі түрде жазылады:
JOIN (кесте, кесте)
Жалғау үшін кестелердің бағандары бірдей болуы тиіс.
Жалғау амалын орындау кезінде келесі әрекеттер орындалады:
1) Бастапқы кестелердің көбейтіндісі анықталады;
2) Алынған көбейтіндіден ортақ бағандардың мәндері бірдей болатын жолдар таңдап алынады;
3) Жобалау кезінде алғашқы кестенің ортақ бағандары алынып тасталады.
Жалғау мысалы:
Жалғаудың үш түрі болады:
- табиғи (қарапайым) жалғау;
- тэта - жалғау;
- сыртқы жалғау.
Қарапайым жалғауда бастапқы кестелердің көбейтіндісінен, ортақ атрибуттардың мәндері өзара сәйкес келетін жазбалар іріктеп алынады.
Тэта – жалғауда бастапқы кестелердің көбейтіндісінен берілген атрибуттар белгілі бір қатынаста болатын жазбалар іріктеп алынады, мысалы, артық амалы бойынша. Тэта – жалғау жалпы алғанда келесі түрде беріледі
JOIN(A, B: A.атрибут θ B.атрибут)
Осылайша, қарапайым жалғауда және тэта – жалғауда қорытынды кестеде бастапқы кестелердің бір-біріне сәйкес келетін жазбалары ғана беріледі.
Сыртқы жалғауда бастапқы кестелердің әрбір жазбасы қорытынды кестеде ең болмағанда бір рет берілетін болады. Алғашқы (сол) немесе екінші (оң) бастапқы кестенің жазбалары қорытынды кестеде тым болмағанда бір рет берілетініне байланысты, сәйкесінше сол жақтағы, оң жақтағы және толық жалғануды айырады.
8. Бөлу амалы бір кестенің ішінен екінші кестенің әрбір жолына сәйкес келетін жолдарды таңдап алу арқылы жаңа кестені құруға мүмкіндік береді. Бөлу амалы келесі түрде жазылады:
9. Меншіктеу амалы реляциялық алгебраның алдыңғы амалының нәтижесіне қандай да бір атау меншіктейді. Мысалы:
C:=JOIN(A,B)
Достарыңызбен бөлісу: