1 Тақырып. Деректер қорына кіріспе. №1-дәріс. Тақырыбы


Ақпараттық жүйелердің архитектурасы



бет12/129
Дата16.03.2022
өлшемі21,39 Mb.
#28241
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   129
Байланысты:
07 лекция-2021кз 3

Ақпараттық жүйелердің архитектурасы

Ақпараттық жүйе (АЖ) термині кең мағынада да, тар мағынада да қолданылады.

Кең мағынада ақпараттық жүйе дегеніміз техникалық, бағдарламалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудің, сонымен бірге тиісті адамдарды қажетті ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етуге арналған персонал жиынтығы.

Ақпараттық жүйе – мәліметтер базасындағы ақпараттар мен олардың өңделуін қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялардың және техникалық құралдардың жиынтығы.

Тар мағынада ақпараттық жүйе деп кең мағынада мәліметтер қорын, МҚБЖ және мамандандырылған қолданбалы бағдарламаларды қамтитын АЖ компоненттерінің көпшесін ғана атайды. Тар мағынада АЖ өңдеу логикасына, алу мүмкіндігіне, мәліметтерді түрлендірумен сақтауға сай соңғы пайдаланушылардың мақсатқа сай әрекетін автоматтандыруға арналған бағдарламалы - аппараттық жүйе ретінде қарастырылады.

Бөліну дәрежесі бойынша былай жіктеледі.



  • Барлық компоненттер (МҚ, МҚБЖ, клиенттік қосымшалар) бір компьютерде болатын үстелдік (desctop) немесе локальдік АЖ;

  • Компоненттер бірнеше компьютерлерге бөлінген таратпалы (destributed) АЖ.

Таратылған АЖ өз кезегінде былай бөлінеді:

  • Файл - серверлік АЖ (“Файл – сервер” архитектурасы бар АЖ).

  • Клиент - серверлік АЖ (“Клиент - сервер” архитектурасы бар АЖ).

Файл – серверлік АЖ мәліметтер базасы файлдық серверде, ал МҚБЖ мен клиенттік қосымшалар жұмысшы станцияларда болады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) деп техникалық құралдарды, атап айтқанда ЭЕМ қолданатын жүйелерді атайды. Қолданыстағы АЖ-лердің көпшілігі автоматтандырылған болып келеді, сол себептен оларды қысқаша АЖ-лар деп атайтын боламыз.

Ақпараттық жүйе деп ақпаратты өңдеуге арналған есептеу кешені аталады. Ақпараттық жүйе келесілерден:



  • компьютерлік құрал-жабдықтан;

  • программалық қамтудан;

  • мәліметтерден;

  • қызмет көрсетушілер құрамы (пайдаланушылар, әкімші) құралады.

Жергілікті ақпараттық жүйе деп бір компьютерде орнатылған және сонда жұмыс істейтін жүйе аталады.

Клиент/сервер типіндегі компьютерлік желіде жұмыс істейтін ақпараттық жүйелер барған сайын кең таралуда. Бұл жүйелер мәліметтерді орталықтандырылған, сондай-ақ үлестірілген түрде өңделуді қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда жалпы мәліметтер серверлерде орналастырылады, ал клиенттік компьютерлерде жеке клиенттердің мәліметтері орналасады.

Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді программалық қамту төмендегілерден:


  • жалпыға арналған программалық қамту;

  • қолданбалы программалық қамту;

  • мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдарынан құралады.

Мәліметтер қорын ақпараттық жүйелерде қолданудың үлкен артықшылығы – мәліметтер қоры мәліметтердің клиенттік бағдарламалардан тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, пайдаланушылар мәліметтерді тасымалдағыштарда физикалық орналастыру мен оларға қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыру мәселесінен құтылады.

Кең мағынада АЖ анықтамасына ақпаратты өңдеудің кез келген жүйесі жатады. Қолдану саласы бойынша АЖ-ларды өндірісте, білім беруде, денсаулықты сақтауда, ғылымда, әскери істе, әлеуметтік салада, сауда-саттықта және өзге де салаларда қолданылатын жүйелерге бөлуге болады. Мақсаттық қызметі бойынша АЖ-ларды шартты түрде келесі негізгі категорияларға бөлуге болады: басқарушы, ақпараттық-анықтамалық, шешімдерді қабылдауды қолдау.

Кейбір жағдайларда АЖ ұғымы қандайда бір қолданбалы мәселені шешуге пайдаланылатын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы деген өте тар түсініктеме түрде қолданылады. Ұйымдастыруда, мысалы, өздеріне сәйкес келесі міндеттер жүктелген ақпараттық жүйелер болуы мүмкін: мамандар мен материалдық-техникалық құралдардың есебін жүргізу, жеткізушілер мен тапсырыс берушілермен есеп айыру, бухгалтерлік есеп және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет